15 мамыр – Отбасы күніне орай «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының саяси бөлім меңгерушісі Бекзат Құланбаева мен партия жанындағы Әйелдер қанатының мүшесі, Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты Гүлмира Жаппасова Жезқазған қаласындағы «Аналар үйіне» барып, тұрмыс-тіршілігімен танысты.
«Аналар үйі» жобасы Қазақстанда 2013 жылы бастау алған. Бүгінде еліміздің 18 қаласында 21 орталық жұмыс істейді. Жезқазған қаласында 2016 жылы ашылған. Бұл үйлер қиын жағдайға тап болған аналар мен олардың сәбилеріне уақытша пана болып, жан-жақты қолдау көрсетеді.
– Ұлытау облысында осы уақытқа дейін 170-ке жуық ана балаларымен тұрып кетті. Олардың көпшілігі отбасымен қайта жарасып, жақсы тұрып жатыр. Қаншама баланы жетімдіктен сақтап қалдық. Өмірден түңіліп, ата-анасына бара алмай, күйеуінен жәбір көрген қаншама анаға демеу болдық. Әлі күнге дейін алғысын айтып, келіп тұратындары бар, – дейді «Аналар үйі» ҚҚ Ұлытау облысы бойынша өкілі Гүлнар Бірманова.
Аналар үйіне түскендер мұнда бос жатпайды. Оларға кәсіби білім алуға жағдай жасалған. Мәселен, тігін тігу, шаштараз, аспаз сынды мамандықтарды оқиды. Орталықта ана мен балаға барлық жағдай жасалған. Қайырымды жандардың арқасында орталықта тұрмысқа қажеттінің барлығы бар. Бүгінгі күнде екі келіншек, 3 бала тұрып жатыр.
«AMANAT» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.