Сейсенбі, 8 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Озаттар сапында

25 тамыз – Кенші мен байытушы күні

23.08.2024
- Мерей
0
Озаттар сапында
94
БӨЛІСТІ
262
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Кен өндіру бірнеше өндірістік үдерістірдің, қат-қабат жұмыстардың жүзеге асуымен тығыз байланысты. Шыңыраудан кен алып, оны жер бетіне шығарудың өзіндік кезеңдері бар. Алынған кенді тасымалдауда дизельдік телімнің атқаратын шаруасы қомақты.

Біз сөз еткелі отырған кейіпкер «Нұрқазған» кенішіндегі дизельдік телімнің озаты. Сондықтан болар, оны ұжымдағылар «озаттардың көшін бастаған майталман» деп әспеттеп жатады.

Ардақ Әбілов тұмса табиғаттың көрінісіне бай Қарқаралы ауданының Еңбек ауылында дүниеге келген. 2000 жылы «Анненск» шахтасының дизель теліміне жұмысқа орналасты. «Қазақмыс» корпорациясының жүйесінде еңбек еткеніне 24 жыл толған Ардақ Тынымханұлы осы «Анненск» шахтасында өндірістің қыр-сырын меңгерді. «Катарпиллер» техникасының тізгінін ұстады, тілін бағындырды.

– Жер астындағы техниканы игеруде аса мұқияттылық керек. Қалт басқан қадамың қауіп төндіруі бек мүмкін. Бұрындары бұзылған техниканың өзің жөндеп, кем-кетігін реттеп алатынсың. Қазір сервистік қызмет бар. Алаңсыз кен тасуға болады. 2006 жылдан бері «Нұрқазған» кенішінің дизель телімінде еңбек етіп келемін. Өндірілген кенді тасымалдауда кідіріс жоқ. Еңбек жағдайына, қауіпсіздікке көңіл бөлінген. Біздің жұмыста адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларды ескеру маңызды. Жарықтандыру, жол бойының тазалығын сақтау біздің қауіпсіз кен тасуымызға кепіл болады, – дейді Ардақ Тынымханұлы.

«Нұрқазған» кенішінің еңбек озаттарының қатарында Ардақ Әбіловтің есімі жиі аталып жүр. Бұл құрмет оның адал еңбегінің, кәсібіне деген жауапкершілігінің арқасында келді.

Кәсіби мереке қарсаңында Ардақ Тынымханұлы кеніш басшылығы және «КәсіпҚорған» кәсіподағының шешімімен ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісімен марапатталмақ. Тұтас бір кеніштің мақтанышына айналып отырған Ардақ Әбіловтің еңбектегі табысы мол болсын деп тілек білдіреміз.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу38Твитерге24

Көп қаралған

  • Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Противодействие коррупции — общая задача

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Газетіме сәлем жолдаймын

    107 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру