Біз балалар күнін отбасымен бірге тойлаймыз. Мереке күні отбасымызбен орталық алаңға шығып, серуендеп, тәттіге тоямыз. Қызықты ойындарды тамашалаймыз. Негізі отбасымызда інім Сұлтан, қарындастарым Малика және туғанына екі ай ғана болған Айлин және мен, төрт баламыз. Ағам Абылай – шахтер, ал, жеңгем Рита – мұғалім. Өзімнің мамам Айнұр бала күтімімен үйде отыр. Мен отбасымды жақсы көремін. Отбасы – бұл өз өміріңдегі ие болар ең асыл, ең баға жетпес қазына. Өйткені бұл отбасы құрамында сені жақсы көретін, сені барлығынан жақсы білетін, сенің кателігіңе кешіріммен қарайтын, қиын сәтінде әр кез жаныңнан табылар жандар бар. Олардың махаббаты ешқашан сөнбейді, сол себепті олардың сенің жаныңда жүрген жай ғана адамдар емес, әр біреуі әр кез колдап, қорғап жүрер періштең, отбасыға жетер қазына жоқ.
Азамат Қайсар,
Б. Момышұлы атындағы № 1 мектеп-гимназияның 6 «Г» сынып оқушысы.
Сәтбаев қаласы.