«Ана. Отбасы. Мемлекет». Осындай атаумен Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Республикалық аналар кеңесі мүшелерінің қатысуымен облыстық лекторий өтті.
Аналар кеңесі мемлекет тағдырына тың серпін беруге атсалысуда. Отбасылық өмір оның дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, мақсат-мүдделері арқылы іске асады.Республикалық аналар кеңесі мүшелерінің қатысуымен өткен лекторийде қазіргі таңда ең өзекті деген ене мен келін, әке мен бала, бала тәрбиесі сөз болды.
Жақында тұрмыстық зорлық зомбылыққа қатысты заң қабылданғаны белгілі. Сол заңды талқылау кезінде Қазақстан халқы ассамблеясы аналар кеңесі төрағасының орынбасары жұмыс тобында болған. Бұл заң біздің менталитке сай келмейді дегендер де болды.
– Расында, бұл біздің менталитеке сай келмейді бірақ, біз осы заңды қабылдауға мәжбүр болдық. Өйткені қоғамда азғынадау деген үрдіс алып кетті. Оның тоқтаудың бір жолы жазалауы болып қалып тұр. Дегенмен қоғам бір нәрсені ұғыну керек. Үйдегі баламен айналыссақ, әке мен ананың сүйіспеншілгі көрініп тұрса.Ол қатігездікке де бой алдырмас еді, дейді ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай.
Лекторий барысында «Ұлттық құндылықтар академиясы» РҚБ мүшесі, ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, ұстаз Баян Бекетайдың «Сен қалаған әке» атты кітабының таныстырылымы өтті. Кітаптың жарыққа шығудағы мақсаты – әкеге деген құрметті насихаттау. Жалпы кітап «Әке кім?», «Идеалды әке», «Бақыттың уығын уысыңыздан шағармаңыз» және «Болашақ әке» атты бөлімдерден тұрады.
Түйінде» айтсақ, ең бастысы әр отбасында ұрпағына отбасы құндылығын үйретуге тиісті. Сыныққа сылтау іздемей, ұрысты ушықтырмай, төзімділік таныту тағы маңызды. Сонда, кешегі елді дүр сілкіндірген зорлық-зомбылық болмас еді, отбасылық құндылықтар сақталар еді.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.