Жексенбі, 18 Қаңтар , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Отбасы құндылықтарын дәріптеді

02.11.2023
- Руханият
0
Отбасы құндылықтарын дәріптеді
89
БӨЛІСТІ
247
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазғандағы Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде өткен «Берекелі шаңырақ» фестивалі айтарлықтай айшықты шараға айналды. Фестивалді Ұлытау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшылығымен «Облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК ұйымдастырды.

Отбасы институтын нығайту және беделін арттыру, отбасылық құндылықтар мен рухани адамгершілік қасиеттерді жаңғырту, ұлттық дәстүрлерді ұлықтау, жас отбасыларына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға облысымыздың әр өңірінен 8 отбасы келіп қатысты. Фестиваль әжесі мен немересін арқау еткен шағын сахналық көрініспен ашылды. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әнуар Омар «Отан – отбасынан басталады» дегендейін, әр шаңырақта береке-бірлік орнаса ел дамуына, өнегелі ұрпақтың өсіп-жетілуіне де жарқын жол ашылатынын алға тарта келіп, қатысушыларды құттықтады.

Фестивальге қатысқан әр отбасы көпшілік алдында бір сахналық нөмір орындап, өз өнерлерін ортаға салды, ақ тілектерін білдірді. Олар сахнаға шыққан кезде отбасындағы өмірлері мен дәстүрлері туралы шағын бейне көрініс көрсетіліп отырды. Іс-шараға құрметті қонақ ретінде қатысқан әнші-сазгер Қорабай Есенов, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Серік Оспанов әуелетіп әуезді ән шырқаса, жиhанкез ақсақал Сәрсенбай Қотырашев дүниені шарлаған жаяу саяхатының әсерлі тұстары жайлы әңгімеледі. Фестиваль қорытындысында қатысушылар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Жезқазған қаласынан қатысқан Садықовтар отбасы 45 жылдан астам некеде тұрып ұлын ұяға, қызын қияға қондырған берекелі шаңырақ иесі екен. Оларға «Үлгілі отбасы» номинациясы табысталды. Берекелі шаңырақ иесі жас отау құрушыларға бата берді. Ұлытау ауданынан Байділдиндер отбасына «Көп балалы отбасы», Жәйрем кентінен қатысқан Қартаевтар отбасына «Өнерлі отбасы», Жаңаарқа ауданының Жүкеновтар отбасына «Спорттық отбасы», қаражалдық Бекмағанбетовтер отбасына «Еңбек әулеті» отбасы, Жезді кентіндегі Малютиндерге «Интернационалдық отбасы», Сәтбаев қаласында жас отау құрған Ерсуан Бердіханов пен Алина Фоминаға «Жас жұбайлар отбасы», жиhанкез Сәрсенбай ақсақалға «Саяхатшы отбасы» номинциясы тапсырылып, 300 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар берілді. Барлық номинация иегерлері арнайы сертификатпен марапатталды. Сондай-ақ, ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Туризм саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған Қотырашев Сәрсенбай ақсақалға төсбелгісі осы салтанат үстінде құрметпен табысталды. Фестиваль әдемі әнмен әдіптеліп, отшашу арқылы түйінделді.

Амандық РАХҰЛЫ.

 

Бөлісу36Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

19.04.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Полицияның бір күні

Полицияның бір күні

16.01.2026
Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

16.01.2026
Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

16.01.2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру