Сейсенбі, 17 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Отан үшін от кешкен ерлерге тағзым

23.05.2025
- Жаңалықтар
0
Отан үшін от кешкен ерлерге тағзым
67
БӨЛІСТІ
185
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу
Сейітбек ТЕМІРБЕКҰЛЫ

Ұлы Отан соғысына қатысып, сұм соғыста жаумен шайқасқан майдангерлердің бірі – менің әкем Сейітбек Темірбекұлы. Ол 1918 жылы Кішітау баурайындағы Шығырлы өзенінің бойындағы Обалы деген жерде дүниеге келген. Жас кезінен Ұлытау өңіріне танымал Шегір бидің немересі Темірбек әкесінен тәлім-тәрбие алған.

Бабалары Құтан әулие мен Құттымбет батыр туралы жорық шайқастардағы ерліктері, Шегір бидің шешендік өнермен көпшілік алдында ел мүддесі мен бірлігі үшін атқарған қызметімен, артында қалған ұлағатты сөздермен сусындап өскен. Жас кезі аласапыран уақытты кеңес үкіметінің қалыптасу кезеңіне, 1930 жылғы ашаршылыққа тұспа-тұс келіп өмір тауқыметін өз басынан өткізген.

1939 жылы Жезді әскери комиссариатынан Кеңес әскері қатарына шақыралады. Әскери антты 1939 жылы 341 саперлік батальон құрамында қабылдайды. Кеңес әскері қатарында жүргенде 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып, ұрыс майданының алғы шебінде қиян кескі шайқастарға қатысқан. 1941 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысы майданының бірінші күнінен 1408 саперлік полктің құрамында 85 мм, 122 мм және 152 мм зеңбіріктер мен гаубица артилериясының орудийный номері деген әскери қызметті сержант шенінде абыроймен атқарған. Фашистік Германияны жеңгеннен кейін, милатиристик Жапонияны Қытай жерінде талқандауға қатысып, туған елге тек 1947 жылы аман-есен оралған. Соғыстан елге келгеннен кейін Қарсақбай мыс қорыту зауытына жұмысқа орналасып, еліміздің көркеюіне өзіндік үлесін қосқан. Сол жерде зейнеткерлікке шыққанға шейін еңбек еткен. Соғыс жылдарындағы жауынгерлігі және еңбектегі жетістіктері үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, Германияны, Жапонияны жеңгені үшін, Кеңес одағының маршалы Г. Жуковтың және бірнеше мерекелік медальдармен, Елбасы атынан жолдаған Алғыс хаттармен марапатталған.

1950 жылы анамыз Қанатай Жекебайқызымен басқосып, шаңырақ көтерген. Бақытты отбасының тірегі болған әке-шешеміздің 2 ұлы мен 4 қызынан тараған немере-шөпшектері қазір ата-әжесінің жолымен егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне қызмет жасап жатқан жайы бар. Анамыз Қанатай Жекебайқызы – тыл ардагері. Ол кісілердің тылда аянбай істеген жұмыстарын ерлік демей не деуге болады, өздері аш-құрсақ жүрсе де, ауыздарынан жырып барлық тамақты, киім-кешекті, еккен егінді майданға жіберіп отырған. Жауынгерлер майдан даласында аянбай соғысып жатқанда, елдегі аналарымыз өздерінің тылдағы еңбектерін жасады.

Әкемізден соғыс туралы сұрасақ терең күрсініп ол туралы әңгімелеудің қаншалықты ауыр екендігінін айтатын. Тек жапондармен болған соғыста 10 күннің ішінде жеңіске жеткендерін мақтанышпен айтып отыратын. Айта кетерлігі, әкеміз соғыс туралы деректі және көркем фильvдерді теледидардан көрсеткен кезде экранда көрініп тұрған зеңбіріктің оқпанының қанша мм болатынын дәл тауып, техникалық жағынан сиппаттама беріп отыратын.

Сондай-ақ оқыңыз

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025

Ұлы Отан сғысына қатысқан Шалабай әулетінің ұрпақтары Арыстанбекұлы Қазымбек, Темірханұлы Әнтай, Ердомбақұлы Кәрбоз, Манабайұлы Қасымбек, Матығанұлы Құрманбек, Есейұлы Мұқатай көздерінің тірісінде бір бірімен өте жақсы сыйласып өткен, Жеңіс мейра-
мында бастары қосылғанда үнемі майдан даласынан қайтпай хабарсыз кеткен бауырлары Арыстанбекұлы Әлиді, Махамбетұлы Әнапияны жиі еске алып отыратын.  

«Ер есімі – ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты өмір сыйлаған әкелер мен асыл аналардың ерлігі көңіл түкпірінен ешқашан ұмытылмақ емес, олардың майдан даласында, тылда көрсеткен ерліктері бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс.

Қажымұхан Сейітбекұлы.

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру