Жексенбі, 18 Қаңтар , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Оқытты, бағдар берді

26.05.2023
- Кәсіподақ тынысы
0
84
БӨЛІСТІ
233
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Алып мыс өндіруші «Қазақмыс» компаниясымен қатар бірнеше өндірістік ұйымдардың еңбеккерлерін бір арнаға тоғыстырған тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағының басшылығы филиалдар мен комитет төрағаларының білімі мен іскерлігін арттыруда семинарлар өткізуді жолға қойды.

Осы бағытта кәсіподақ төрағасы Уәлихан Нұржанов өндірістік алаңдарда шоғырланған филиалдардың қызметкерлерін қамти отырып, оқыту бағдарламасын жетілдірді.  Апта басында Қарағанды қаласында Жезқазған, Қарағанды, Балқаш, Шығыс Қазақстан өңірлеріндегі филиалдардың төрағалары мен комитет төрағаларына арналған семинар ұйымдастырылды.

22– 23 мамырда өткен оқуда еңбек ұжымдарында туындайтын шиеленістерді шешу,  келісім және  бітімгершілік комиссиясының атқаратын негізгі міндеті, еңбектегі дау-дамайды оңтайлы шеші, қазіргі өндірістік кеңестің  шет елмен еліміздегі айырмашылығы сынды мәселелер қозғалды. Семинарға қатысушыларға  «Қазіргі қоғамды зерттеу институты» ЖШС директоры, экономика ғылымдарының докторы,  «Ынтымақ» үйлестіру кеңесінің төрағасы Мейрам Қажыкен, құқытану бойынша Phd, М.Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінің профессоры, халықаралақы еңбекті ұйымдастыру жөніндегі кеңесші, ҚР Конституциялық сот жанындағы ғылыми- консультативті кеңестің мүшесі Мүсілім Хасенов, шиенелістанушы, медиатор, әлеуметтанушы, заңгер Шырын Оразбаева жоғарыда аталған тақырыптар бойынша дәрістер оқыды.

Семинар барысында топтық жұмыстар жүргізіліп, тәжірибе алмасулар  өтті.  «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Уәлихан Нұржанов мұндай  оқытудың тиімділігі жұмысшы мүддесін қорғайтын кәсіподақ ұйымы үшін аса маңызды екендігін жеткізе келіп, екі күнде  мазмұнды дәріс берген кәсіби мамандарға алғысын білдірді.  Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.  Алдағы уақытта төрағалар семинардан алға білімін өз тәжірибелерінде қолданбақ.  Бір сөзбен айтқанда, бұл семинар  кәсіподақ өкілдерін оқыта отырып, бағыт-бағдар берді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу34Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

19.04.2024
Табыс тасқындаған жыл

Табыс тасқындаған жыл

26.12.2025
Полицияның бір күні

Полицияның бір күні

16.01.2026
Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

16.01.2026
Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

16.01.2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру