Дүйсенбі, 16 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Өңірлік экономиканы дамыту мәселелері талқыланды

30.05.2025
- Жаңалықтар
0
Өңірлік экономиканы дамыту мәселелері талқыланды
66
БӨЛІСТІ
182
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025

Облыс әкімдігінде өңірлік даму мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіровтың төрағалығымен өткен жиынға Ардагерлер кеңесінің төрағалары мен басқарма басшылары қатысты.

Экономиканың негізі саналатын инвестиция тарту, жаңа кәсіпорындар ашу, тұрғындардың өмір сапасын арттыру – бүгінде аймақта жүзеге асып жатқан басты мақсаттардың бірі. 2024 жылы облыста жалпы құны 34 миллиард теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба іске қосылып, 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Сәтбаев қаласында өңірдің индустриялық әлеуетін арттыру үшін республикалық маңызы бар индустриялық аймақ құрылуда.Жезқазғанда жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы, Жаңаарқада мал шаруашылығы кешені ашылып, жұмысын бастады. Алдағы жылдары іске қосылатын жобалардың ауқымы бұдан да кең. Ұлытау облысы экономика басқармасының басшысы Нұрлан Абдукалимовтың мәліметінше, 2024 жылы Жезқазғанда ауқымды жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Металлургтер алаңы жаңартылып, көркейтілді. Енді алдағы уақытта Кеңгір су қоймасының жағалауын абаттандыру жоспарда бар. Биыл сонымен қатар қалада 4 жаңа сквер пайда болады. Жалпы аумағы – 4,6 гектар. Ең ірі жобалардың бірі – Жезқазғанның Батыс ауданын салу. Бұл жерде 88 көпқабатты үй, 67 әлеуметтік нысан салынады. Сол жерге су, жылу, кәріз жүйелері тартылады. Жаңа ауданның жалпы аумағы – 44 гектар.

Өңірдің келешегін тек өнеркәсіппен емес, туризммен де байланыстыру көзделіп отыр. 2024 жылы 31 мыңнан астам турист келіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға артқан. Ұлытау ауданы мен Жезқазған қаласында қонақүйлер салынып, жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үй құрылысы, жол және сумен қамту инфрақұрылымдары да дамып келеді. Жезқазған қаласының батыс бөлігінде жаңа тұрғын үй кешені бой көтеріп, Жаңаарқа мен Ұлытау аудандарында су тазарту қондырғылары жаңғыртылуда. Цифрландыру саласында Ulytau Hub ашылып, жастардың IT-жобаларына жол ашылды. Қалалар мен елді мекендерде бейнебақылау жүйелері орнатылып, қауіпсіздік те күшейтілуде.

Бөлісу26Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру