Сәрсенбі, 4 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Өңірдің бренді болған фестиваль

биыл ХХХІІ рет жалауын көтерді

07.06.2024
- Бәрекелді!
0
Өңірдің бренді болған фестиваль
73
БӨЛІСТІ
202
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Өткен аптаның соңы Ұлытау жұртшылығы үшін нағыз өнер мерекесіне айналды. Облыс орталығында өңірдің брендіне айналған «Ұлытау үні» фестивалі ХХХІІ рет жалауын көтерді. Жошы Ұлысының 800 жылдығы мен саңылақ ақын Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жылдығын арқау еткен осынау өнер додасына еліміздің әр аймағынан шашасына шаң жұқтырмаған айтыскер ақындар мен өнердің жілігін шағып, майын ішкен виртуоздар қатысты. Әрине, жергілікті қаламгерлер мен өнер тарландары да тасада қалған жоқ.

Фестивальдің шымылдығы «Ғасырлар аманаты» деп аталған көрме-көрсетіліммен түрілді. Жиналған жұртшылық Қорқыттан қалған қыл қобызды қолынан тастамаған Ықылас Дүкенұлымен, аққудың үніне үн қосқан Тайжан Қалмағамбетовпен, күй атасы атанған Құрманғазы Сағырбайұлымен, атақты күйші Дина Нүрпейісовамен, Арқаның ақтаңгері Біржан сал және ақын Сарамен «жүздесіп», олар жайлы өмірдеректер тыңдап, күйлері мен жырларын тамашалады.

Біз осы көрме-көрсетілімде жүрген, «Ұлытау үні» халық шығармашылығы фестивалінің негізін қалаушылардың бірі де бірегейі, ҚР Мәдениет қайраткері Қайырбек Сәдуақасовты жолықтырып, әңгімеге тарттық. Аталмыш өнер мерекесінің қалай өмірге келгенін майын тамыза айтқан ағаның әңгімесінің ұзын ырғасын бір ауыз сөзбен түйіндер болсақ, былай:

– 32 жыл бұрын осы өлкедегі өнерпаздардың соншалықты көп екендігіне көзім жеткеннен кейін міндетті түрде осылай жарқыратып өткізуді өзіме парызым деп есептедім. Бірнеше ән жазып, осында алғаш тұсауын кескенбіз. Содан бері келе жатқан жас таланттардың әрқайсысы ерекше мәнерімен ескі дәстүрлі өнерді ұмытпай жүргеніне мен өте қуаныштымын. Мен өзімді бақытты адаммын деп есептеймін, – деді Қайрекең ағынан жарылып.

Сондай-ақ оқыңыз

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

14.03.2025
Екі дүркін әлем чемпионы

Екі дүркін әлем чемпионы

08.03.2025

Көрме-көрсетілімнен соң фестивальдің салтанатты ашылуы болды. Облыс әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов жұртшылықты өнер мерекесімен құттықтап, байқауда бақтарын сынайтын өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Салтанатты шарада «Өнер патшалығы» әміршісінің Жарлығы оқылып, Халық шығармашылығының республикалық фестивалі ресми түрде ашылды.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру