Сейсенбі, 11 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

Өңірде ғаламтор дами түседі

Ұлытау облысы: Апта тынысы

05.07.2024
- Шарайна
0
Өңірде ғаламтор дами түседі
81
БӨЛІСТІ
225
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысының орталығына жұмыс сапарымен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин келді.

Құрметті мейманның Жезқазғандағы жұмыс сапары «Аманат» партиясының Ұлытау облыстық филиалы ғимаратында халықпен жүздесуден басталды. Оған облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов пен халық қалаулылары және қоғам белсенділері арнайы қатысты. Вице-министр алдымен саладағы оң өзгерістерге тоқталып өтті.

– Менің ойымша қазір кез келген азамат көрсетілетін қызмет түрлерін максималды түрде онлайн форматта алғысы келеді. Бұл бағытта министрлік тарапынан бірнеше жобалар қолға алынған. Егов арқылы құжаттарды цифрлы түрде алу жұмыстары да жүйелі жолға қойылған, – деді Ростислав Коняшкин кездесу барысында.

Әрине, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Бірақ, бұл ретте шалғайдағы ауылдар да сапалы байланыс желісімен қамтылу қажет. Жоспар бойынша 2027 жылға дейін Ұлытау облысындағы барлық елді мекен интернет желісіне толықтай қосылмақ. Ал, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызмет түрлерінің 92 пайызға жуығы цифрландырылған. Алда, аталған бағыттағы шаралар әрі қарай жалғаспақ.

– Үкіметтің басты мақсаты алдағы уақытта осы жүйенің көлемін көбейту. Басқа да жүйелерді іске қосу, – деді кездесуде сөз алған Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов.

Халықпен кездесуден кейін вице-министр БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Көтерілген сұрақтар бойынша жергілікті билік өкілдерімен бірлесе жұмыс істейтіндігін айтты.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу32Твитерге20

Көп қаралған

  • ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 ҚОҚЫС СІЗДІКІ БОЛМАСА ДА, ТАЗАЛЫҚ — СІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ!

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 МУСОР МОЖЕТ БЫТЬ НЕ ВАШИМ, НО ЧИСТОТА — ВАША ОТВЕТСТВЕННОСТЬ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • День Абая

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру