Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Өңір медицинасының ахуалымен танысты

29.08.2025
- Жаңалықтар
0
Өңір медицинасының ахуалымен танысты
73
БӨЛІСТІ
204
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында министр алдымен Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы бірқатар денсаулық сақтау нысанын аралап, мекемелердің материалдық-техникалық базасымен танысты.

Жұмыс сапары аясында министр кардиохирург, білікті маман Юрий Пямен кездесіп, аталған профессор жүректеріне ашық ота жасаған науқастардың қазіргі жағдайын білді және бұл отаның өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы үлкен жетістік екендігін атап өтті.

Министр Ақмарал Әлназарова білікті кадрларды тартуды, оның ішінде онколог мамандарын шақыру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

Ұлытау облысының денсаулық сақтау жүйесіне қатысты кеңес өтіп, Ұлытау облысы әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Қазақмыс» корпорациясы арасында 2026 – 2029 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаны әзірлеуге бағытталған үшжақты меморандумға қол қойылды.

Құжат медициналық ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру, саланы цифрландыру, медициналық техникамен жабдықтау деңгейін арттыруды көздейді.

Сапар аясында министр Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Сондай-ақ жергілікті БАҚ үшін брифинг өткізіліп, өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған жұмыстар туралы мәлімет берілді.

Ұлытауға жұмыс сапарының екінші күні Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңірдің медицина қызметкерлерімен кездесті.

Ведомство басшысы денсаулық сақтау саласындағы заңнамадағы негізгі өзгерістер туралы айтты. Ол медициналық көмектің бірыңғай пакетін енгізуге, МӘМС шеңберінде тегін медициналық көмек пен қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынудың жаңа тәсілдеріне толығырақ тоқталды.

Медициналық көмектің сапасын бақылау бөлігінде министр биылғы 15 қыркүйектен бастап Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қадағалау функциялары берілетінін, бұл көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретінін еске салды.

Өңірде онкологиялық қызметті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Министр ерте диагностика, пациенттерді уақтылы жіберу және жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету онкологиялық аурулармен күресте негізгі факторлар болып табылатынын атап өтті.

Медицина қызметкерлері кадр тапшылығы, медициналық көмекті ұйымдастыру және инфрақұрылымның жай-күйі тақырыптарын көтерді. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі қызығушылық тудырды, ол пациенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуі, дәрігерлер үшін заңды қауіптерді төмендетуі және даулы жағдайларды шешуге көмектесуі керек.

Ведомство басшысы әріптестеріне сындарлы ұсыныстары үшін алғысын білдіріп, айтылған барлық мәселелер алдағы жұмыста ескерілетінін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша министр өңірде арнайы жұмыс тобының құрылғаны туралы хабарлады.

– Өңірде Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы жұмыс тобы жұмыс істей бастайды. Оның міндеті – ағымдағы жағдайға егжей-тегжейлі талдау жүргізу, инфрақұрылымның жай-күйін бағалау, жүйелік проблемаларды анықтау және медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар әзірлеу, – деп түйіндеді министр.

 

Бөлісу29Твитерге18

Көп қаралған

  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • 🌊 СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    185 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру