Жексенбі, 18 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Аймақ мәселесі

Өңір болашағының өзекті бағыты

01.07.2022
- Аймақ мәселесі
0
Өңір болашағының өзекті бағыты
90
БӨЛІСТІ
249
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Өткен айдың екінші жартысы жаңа Ұлытау облысы үшін Ұлттық құрылтайдың өтуіне байланысты маңызды оқиғаларға толы болды. Соған орай ресми сапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жезқазғанда болған кезінде облысты дамытудың алдағы жоспарларымен танысты.

Президентке Жезқазған қаласы мен Ұлытау облысының қазіргі жағдайы және даму болашағы туралы баяндаған облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірдегі шешімін күткен проблемаларды ортаға салды. Экологиялық жағдайдың нашарлығы, аймақ арқылы өтетін республикалық маңызы бар жолдардың сын көтермейтін жағдайда екені, қала экономикасының бір ғана ірі кәсіпорынға тәуелділігі және басқа да әлеуметтік саладағы проблемаларды алға тартқан облыс басшысы арнайы экономикалық аймақ құрылса экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік берер еді деп санайтынын білдірді. Сонымен қатар, Президенттің өткен жылғы тапсырмасы бойынша биыл басталуға тиісті Үйтас-Айдос су құбырының құрылысы 2025 жылы аяқталатынын, ал, 2023 жылдан Жезқазғанқ аласына Есқұла су жинағышынан ауызсу берілетінін жеткізді. Алайда, осы мәлімдемені естіген жұрт көңілінде түйткілді сұрақ туындағанын да жасырмайық. Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қазан айында Жезқазғанға келгенде халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің маңыздылығын баса айтып, Үйтас-Айдос су құбырын жаңғыртуды әрі кеткенде бір жарым жыл ішінде бітіру жөнінде тапсырма берген болатын. Ал, облыс әкімінің қазіргі айтқаны бойынша қайта жаңғырту әлі 4 жылсыз аяқталмайтыны мәлім болып отыр. Бұл қалай, халық үнемі уәдені малданып жүре береме? Сонымен қоса Есқұла суқұбырынан Жезқазғанға су беріледі дегенге де талай жылдың жүзі болды. Жоба бойынша оның суы бүкіл қалаға жетпейтіні, мүмкіндігінше тек Бекболатсай ауданындағы тұрғындарға ғана берілетіні айқындалған болатын. Сондықтан да, бұл жобаны алға тартқанда Есқұладан су ішеді деп Жезқазған халқын дәмелендірмей, мәселенің бүге-шігесін анықтап айтқан жөн болар.

Көпқабатты тұрғын үйлердің 33%-нің тозығы жеткен және апаттық жағдайда. Бұл проблеманы шешу мақсатында қаладағы тұрғынүйлерді жаңарту бағдарламасы қолға алынды. 2022-2023 жылдарықаланыңжаңаауданында 20 көппәтерліүй салу жоспарлануда. ОблысәкіміПрезидентке әлеуметтік саладағы міндеттерді шешу үшін мемлекеттік университет, қосымша білім орталықтарын, жаңа сапалы мектептер, денешынықтыру-сауықтырукешені, сондай-ақ, филармония залы құрылыстарын салу қажеттігін жеткізді. Осы жердегі тағы бір түйткілді мәселе, қазірде жоғары білімді мамандар даярлау ісімен айналысып отырған Жезқазған универститеті жыл сайын өздерін жеткілікті мөлшердегі студенттермен қамтамасыз етуде айтарлықтай тығырыққа тіреліп отырғанда, аядай қалада екінші университет ашудың қандай қажеттігі бар? Біздің ойымызша, одан да қолдағы бар университетті жетілдіріп, дамыту үшін білікті оқытушы кадрларымен жасақтауды қамтамасыз еткен дұрыс шығар.

Мемлекет басшысы осы жағдайлармен таныса келіп, жалпы айтылған ұсыныстарды қолдайтынын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші кезекте жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту қажеттігін атап көрсетті. Ол Үкімет пен облыс әкімдігіне жол саласын дамыту, экология мен білім беру салалары бойынша тиісті шаралар қолдануды тапсырды. Дербес облыс мәртебесін алуы осы аймақты тың серпінмен дамытуға мүмкіндік беріп, алда жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқатының жақсара түсетіндігіне сенім білдірді.

Амандық РАХҰЛЫ.

Сондай-ақ оқыңыз

Тасқынға – тосқын

Тасқынға – тосқын

21.02.2025
Экологиялық сараптама аяқталды

Экологиялық сараптама аяқталды

08.11.2024

 

 

 

Бөлісу36Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру