«Қазақмыс» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Балқаш мамандандырылған оңалту орталығының жұмысын биыл қайта жандандырып, Халықаралық балаларды қорғау күнінде жағымды жаңалықпен бөлісті.
Онда Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға көмек көрсетіледі. Орталық 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды.
Орталық үшін Балқаш-1 станциясында 2 қабатты ғимарат қайта жаңартылды, атап айтсақ: инженерлік коммуникациялар толығымен жаңартылды, үй-жайларда қолжетімді орта қағидаты бойынша күрделі жөндеу жүргізілді. Баспалдақ шерулерінде көтергіштер орнатылған. «Қазақмыс» компаниялар тобы орталықты қайта құрудың демеушісі ретінде танылды.
Балаларды сауықтыру орталығында алпыстан астам маман жұмыс істейді, олар: педиатр, травматолог-ортопед, реабилитолог, психолог, невропатолог, логопед, дефектолог, музыка және дене шынықтыру мұғалімдері, физиотерапия және массаж кабинеттері, ыстық ванна мен түрлі жаттығулар, гальванизация және электрофорез, магнитотерапия аппараттарымен қатар «Монтессори» даму бөлмесі жабдықталған.
Орталық 50 орынға арналған, тамақ бес рет беріледі. Оңалту кезеңі бір айдан алты айға дейінгі мерзімді қамтиды. Оңалту кешені медициналық, әлеуметтік және педагогикалық тұрғыда тегін қызмет көрсетеді.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.