Сейсенбі, 8 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Өнеркәсіптік кешен іске қосылды

19.07.2024
- Өндіріс және өмір
0
Өнеркәсіптік кешен іске қосылды
87
БӨЛІСТІ
242
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жақында «Қазақмыс» кәсіпорны құрамында 19,28 % мыс бар алғашқы дайын өнім – мыс концентратын шығарды. Бұл өндірістік нысан Жамбыл облысында орналасқан. Қазіргі уақытта фабрикада дайын концентратты параллель шығарумен технологиялық процестерді реттеу бойынша одан әрі жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпорынның жобалық қуатына шығу осы жылдың қазан айының соңына жоспарлануда.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті Шатыркөл байыту фабрикасының техникалық мүмкіндіктерімен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нүриев таныстырды.

– Зауытта 350-ге жуық адам жұмыс істейді. Біздің басты міндетіміз – жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту. Жамбыл облысынан жас мамандарды күтеміз. Бұл жобаның қазақстандық AAEgrineering Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылғанына да қуаныштымыз. Бүгінгі таңда бұл – өнеркәсіп объектілерін салу бойынша ең ірі отандық EPC мердігері, – деді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нүриев.

AAEngineering Group – 16 өңдеу зауытын салған қазақстандық компания, оның 2-і көрші елдерде. Қазір бұл компания Жамбыл облысында цианид зауытын салу жобасын жүзеге асыруға кірісті. Шатыркөл байыту фабрикасы Шатыркөл және Жайсан кен орындарынан жылына 1,2 млн тоннаға дейін кен өңдейтін болады.

Фабрикада технологиялық процестерді басқарудың жаңа автоматтандырылған жүйелері енгізілді, бұл өндіріс тиімділігін арттыруға және өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жоғары деңгейіне ықпал етеді.

Зауыт нысандарының құрамына ұсақтау-сұрыптау кешені, бас ғимарат, ӘТК, жатақханалар, асхана, өрт сөндіру депосы, зертхана, жөндеу-механикалық шеберхана, қалдық қоймасы, қоймалар және т.б. кіреді. Жобаның құны және инвестициялардың жалпы көлемі – 94 млрд теңге. Оның ішінде жергілікті қамту үлесі 59 % немесе 55,7 млрд теңге.

Өндіріс кезінде әлемдегі мыс кендерін байытудың ең зиянсыз технологияларының бірі – флотация қолданылады. Шаңды ұстау тиімділігі 99% болатын ультра заманауи аспирациялық жүйелердің көмегімен жүзеге асырылады. Бұдан басқа, өнімді тасымалдау көлемін азайту есебінен жолдарда шаңның айтарлықтай төмендеуі күтілуде.

Маңызды ерекшелігі – фабриканы салу кезінде топырақтың жоғары құнарлы қабаттары арнайы жиналды, ал жұмыс аяқталғаннан кейін олар бұзылған жерлерді қалпына келтіруде қолданылады.

– Біз, сондай-ақ, өндірістің мүмкіндігінше қауіпсіз және экологиялық таза екеніне көз жеткіздік. Фабриканы салу кезінде технологиялық процестерді басқарудың жаңа автоматтандырылған жүйелері қолданылды. Заманауи жабдықтар орнатылды және әлемдегі мыс кендерін байытудың ең зиянсыз технологияларының бірі қолданылады, – деді Нұрахмет Нұриев баспасөз турында.

Сонымен қатар, «Қазақмыс» Жамбыл облысының әкімдігімен өңірде әлеуметтік маңызды жобаларды іске қосу туралы Меморандумға қол қойды.

Бүгінгі таңда Шу ауданында ауыз суға арналған ең терең су ұңғымасы (250 метр) бұрғыланды, көктемгі су тасқынын жою үшін су бұру траншеясы салынды, ондаған шақырым автожолдар төселді және жөнделді, Бірлік және Шоқпар кенттерінде балалар спорт алаңдары салынды, Бірлікүстем мен Қонаев ауылдарындағы жұмыстар жақын арада аяқталады.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.

 

Бөлісу35Твитерге22

Көп қаралған

  • Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Противодействие коррупции — общая задача

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Газетіме сәлем жолдаймын

    107 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру