«Қазақмыс» ел ғылымын дамытуға қолдау көрсетуді, өз кәсіпорындарына үздік инженерлік және IT жобаларды енгізуді жалғастыруда. Жақында TechGarden-нің 15 IT-резиденті «Нұрқазған» кенішіне барды. Сапар барысында қатысушылар «Қазақмыстың» бизнес-міндеттерімен танысып, өндірістік үдерісті жақсарту үшін ғылыми-цифрлық және техникалық шешім ұсынды.
Тур қорытындысында өндірістің тиімділігін арттыруға, қауіпсіздік техникасын, экологиялық бақылау мен өнім сапасын жақсартуға бағытталған IT жобалар пулы қалыптасты.
Бұған дейін «Қазақмыс» қолданысқа AG Tech және MRS-K компанияларының DMMS IT кешенін енгізді. Бұл бағдарламалық-аппараттық кешенді қазақстандық IT-компаниялар «Қазақмыс» мамандарымен бірлесіп әзірледі. DMМS жүйесі жерасты радиобайланысын, персонал мен көліктің орналасқан жерін анықтауға және апаттық ескерту жасауға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, DMМS арқылы адамдарды қалың жыныс қабаттарынан іздеу мүмкіндігі пайда болды, бұл төтенше жағдай кезіндегі іздеу жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.
Сонымен қатар 16 қосымша модуль әзірленді. Олар бизнес-процесті цифрландыру мен Micromine тау-кен-геологиялық ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы тау-кен жұмыстарын жоспарлаудан бастап, тау-кен жабдықтарының және «Oracle HR» жұмысының мониторингін, сондай-ақ, тау-кен жұмыстарының тиімділігін бағалауға дейінгі процестерді қамтиды.
Осылайша, өндіріске енгізілген ІТ шешімдер тау-кен және геологиялық барлау жұмысын жүргізетін қауіпті өндірістік нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.