Сәрсенбі, 9 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Өнегелі өмір жолын паш еткен– «Құрыш тұлға»

Жаңа кітап

02.12.2022
- Жаңалықтар
0
Өнегелі өмір жолын паш еткен– «Құрыш тұлға»
74
БӨЛІСТІ
205
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған қаласындағы С. Сейфуллин атындағы кітапханада Қазақстанның Құрметті металлургі, Қарағанды облысы мен Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Ардагерлер кеңесінің және «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген БҮКІРОВТІҢ 70 жасқа толуына орай жарық көрген «Құрыш тұлға» кітабының таныстырылымы өтті.

Төлеген ағаның еңбек жолындағы жетістіктері мен қоғамдық жұмыстарда қол жеткізген табыстарын, адами болмыс-бітімі мен азаматтық бейнесін айшықтайтын сан алуан жүрекжарды жазбалар «Құрыш тұлға» кітабына жинақталған. Кітап 2022 жылы Астана қаласындағы «Кәусар» баспасынан жарық көрді.

Төлеген Нұрмағанбетұлы еңбек жолын 1980 жылы мыс зауытында бастап, балқытушы, учаске шебері, цех бастығы, директордың орынбасары, одан кейін «Жезқазғансирекмет» кәсіпорнының директоры қызметін атқарды. «Қазақмыс» корпорациясының жобалау тобында инженер-металлург болған Төлеген Нұрмағанбетұлының еңбек жолы металлургтер үшін тәлімі мол өнеге. Кітаптың таныстырылуына келген қадірлі меймандар Төлеген Бүкіровтің өмір жолынан сыр шертетін естеліктермен бөлісіп, «Құрыш тұлға» кітабының мән-маңызы жайында пікірлерін ортаға салды.

Сондай-ақ оқыңыз

Журналистерге құрмет үш күнге ұласты

Журналистерге құрмет үш күнге ұласты

04.07.2025
Автоматтандырылған жүйенің жағдайымен танысты

Автоматтандырылған жүйенің жағдайымен танысты

04.07.2025

Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев кеш иесін қала әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, иығына шапан жапты. «Кәусар» баспаханасының директоры Қуат Құрмансейіт, Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы Әбдірахман Досанов, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Станислав Филипович, еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Сұлтан Сүтбаев, әріптесі, металлургия саласының майталманы Әбдірашит Доспанов сөз алып, жарқын кездесудің иесі туралы жылы лебіздерін ортаға салды. Кездесуді қорытындылаған Төлеген аға Нұрмағанбетұлы ардақты Арқа жұртының өзіне деген құрмет-қошеметіне алғысын білдірді. Ұлытаудың ұлағатты перзенті, қазыналы аймақтың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан еңбек ардагері жайындағы «Құрыш тұлға» жастарды қарапайым еңбек арқылы абырой биігіне шығуға ынталандыратын туынды деп білеміз.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Журналистерге құрмет үш күнге ұласты

Журналистерге құрмет үш күнге ұласты

04.07.2025
Автоматтандырылған жүйенің жағдайымен танысты

Автоматтандырылған жүйенің жағдайымен танысты

04.07.2025
Қаржы вице-министрі: «Әрбір жоба халық игілігіне қызмет етуі керек»

Қаржы вице-министрі: «Әрбір жоба халық игілігіне қызмет етуі керек»

04.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру