Жұма, 18 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Өндірістің тиімділігін арттыруда

07.02.2025
- Жаңалықтар
0
Өндірістің тиімділігін арттыруда
76
БӨЛІСТІ
210
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Автоматтандыруды енгізу – болашаққа салынған инвестиция. Мұнда технология бизнес пен адамдардың игілігіне жұмыс істейді. Ал автоматтандыруда жасанды интеллектті пайдалану – өндірістің тиімділігін арттыруды жаңа деңгейге көтереді. Бұл туралы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Тұрақты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов Digital Almaty 2025 форумында сөйлеген сөзінде айтты.

– Цифрлық бағытты дамыту аясында біз ең бастысы – өскелең ұрпақтың біліктілігін арттыруға көңіл бөлеміз. Бізде «The Ulytau Educational Foundation» білім беру қорымен бірлескен жоба бар. Қазіргі уақытта жоба біздің қатысымыз бар барлық өңірлердегі 85 мектепті қамтиды. Осы қор арқылы біз STEM-зертханалар мен смарт кітапханаларды енгізіп, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргіземіз. Білім беру арқылы дағды қалыптастырып, шеберлікті шыңдаймыз. Осылайша біз цифрлық біліктілікті арттырамыз, – деп атап өтті Сәкен Шаяхметов.

«Қазақмыстың» тау-кен ісін оқытатын екі технологиялық колледжі бар. Қазіргі таңда Ұлытау өңірінің техникалық қорын құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар компания Балқаш көлінің мәселесін шешу бойынша кешенді жұмыс атқаруда. McKinsey зерттеуіне сәйкес, 2030 жылға қарай Балқаш көлінде 1,9 миллиард текше метр су тапшылығы болуы ықтимал, мұның салдары өте ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. Корпорация осы сын-қатердің қаупін түсіне отырып, Қазақстанның інжу-маржанын сақтау үшін бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Мәселен, 2024 жылдың соңында Балқаш көлінің экожүйесін сақтауға, оның ішінде зерттеу жобалары мен өңірдің су ресурстарын тұрақты басқару тәсілдерін енгізуге 5 млн доллар бөлінгені жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыз

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025

Тағы бір маңызды ұстанымның бірі – қызметкерлердің қауіпсіздігі, олардың орналасқан жерін қадағалау, сондай-ақ адам факторының ықпалын жоюға көмектесетін автоматтандырылған медициналық тексеру жүйесі. Сонымен қатар қолданылатын технологиялар қатарында: болжамды қызмет көрсету – іркілісті азайту, технологиялық процестерді оңтайландыру, қауіпсіздікті арттыру және адам факторының тәуекелін азайту шаралары бар.

2018 жылы компания мамандары «Батыс» кенішінің №67 шахтасында өнеркәсіптік қауіпсіздік заңнамасының талаптарын орындау аясында алғаш рет DMMS (Digital Monitoring and Management System) жүйесін енгізді. Бүгінге дейін бұл жүйе 13 жер асты нысанына енгізілген, 2025 жылы тағы 4 нысанды қамту жоспарланған.

Digital Almaty 2025 форумы аясында «Қазақмыс» корпорациясы «Нұрқазған» кенішіндегі үздік өндірістік тур үшін марапатқа ие болды.

Іс-шара барысында Tech Garden-нің 15 IT-резиденті компанияның бизнес мақсаттарымен танысты және өндірістік үдерісті жақсарту үшін өздерінің ғылыми-цифрлық және техникалық шешімдерін ұсынды. Нәтижесінде өндірістің тиімділігін арттыруға, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны бақылау мен өнімнің сапасын жақсартуға бағытталған ІТ жобалардың пулы қалыптасты.

Осы және басқа да көптеген мысалдар қолданылып отырған цифрлық шешімдер мен компанияның болашаққа бағытталған жоспарлары өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жұмысшыларды қажетті құралдармен жабдықтауға және өнеркәсіптегі ІТ-технологиялардың әлемдік стандартына сай болуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС PR департаменті.

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

26.01.2024
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру