«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Саят Бакиров Жезқазған байыту фабрикасында өндірістік қауіпсіздік мәселелері туралы кеңес өткізді.
Саят Шарафиденұлы тоқсан сайын өндірістік алаңдарды аралау шеңберіндегі кезекті жиында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды азайту мәселелерін талқылады.
– Біз еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына нөлдік төзімділік саясатын нақты ұстанамыз. Әрбір жұмысшы нақты білуі керек, егер тапсырманы орындау қауіпті болса, жұмысты тоқтатуға толық құқылары бар. Компанияда мұндай механизм қалыптасқан. Бірақ, өкінішке орай, ол механизм қажетіне қарай қолданылмайды. Мұны өзгерту керек. Тәуекелдерді ескермеу, қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Мұндағы жауапкершілік жұмысшыдан бастап басшыларға дейін жүктеледі. Біз осы арқылы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, онда стандарттарды сақтау әркім үшін ішкі нормаға айналады. Егер қауіп төнсе жұмыс жалғаспауы керек, – деді Саят Бакиров.
Жиында Басқар төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары фабриканы жаңғырту жағдайларын да талқылады. Оның айтуынша, 2023 жылы фабрикада жабдықты техникалық жаңғыртудың кезекті кезеңі аяқталды. Оның ішінде ұсақтау жабдықтарын жаңғырту, өнімділігі жылына 3,5 млн тонна болатын № 2 блок № 1 бас корпусын жаңарту, өнім өндіру көрсеткішін жылына 3,5 млн тонна болатын № 1 МК қайта құру. Бұл жаңартулар кәсіпорын мен осы байыту саласының болашағына елеулі үлес болып табылады.
– Енді біздің міндетіміз – жаңа техникаларды сауатты пайдалануын қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарының сақталуын бақылауды күшейту. Өндірістік тәуекелдерді азайту, үдерістерді жетілдіру және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырамыз. Бұл компанияның тұрақты дамуы мен тиімділігін негізі болмақ, – деп жиынды қорытындылаған Саят Шарафиденұлы фабрика жұмысшыларының сұрақтарына жауап берді.