Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Өндірісті өркендетудегі келісімге келді

29.11.2024
- Өндіріс және өмір
0
Өндірісті өркендетудегі келісімге келді
80
БӨЛІСТІ
222
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Астанада «Субконтракт биржасы – 2024» іс-шарасы өтті. Биржа алаңында ірі жер қойнауын пайдаланушылар, отандық тауар өндірушілер, жүйе құраушы кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды.

Іс-шара ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының ұйымдастыруымен өтті. Биржаның басты мақсаты – шағын және орта бизнес өкілдерінің ірі отандық компаниялармен тиімді байланыс орнатуына арналған B2B алаңын құру болып табылады. Мұндай ынтымақтастық өнім өндіру мен жеткізу саласында кооперациялық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Биржаның ашылуына ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, «QazIndustry» АҚ басқарма төрағасы Берік Бекенов, Қазақстан Машина жасаушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов және тау-кен, металлургия саласының ірі кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Іс-шара аясында QazIndustry, «Қазақмыс», «Қазцинк» және ERG компаниялары арасында тау-кен, металлургия және машина жасау орталығын құру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум QazIndustry базасында бірыңғай аналитикалық орталық құруды көздейді. Орталық сатып алуларды талдау, ұзақ мерзімді және оффтейк келісімшарттар жасауға жәрдемдесу, сондай-ақ жаңа өндіріс түрлерін жергіліктендіру бойынша маңызды алаңға айналады. Биржа жиынына қатысқан «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабелов өз кезегінде «Қазақмыс» компаниясының тау-кен, металлургия саласын дамытудағы әлеуетін баяндай келе, қос бағытты жандандыруда «Қазақмыс» қазақстандық өндіріс кешендерімен ұзақ мерзімді келісімге келе отырып, жұмыс атқаруға ниетті екенін жеткізді.

Айта кететіні, Субконтрактілер биржасының негізгі тақырыбы ірі тау-кен өндіру кәсіпорындары мен қазақстандық тауар өндірушілер арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мәселелері болды. Мұндай ынтымақтастық металлургия, машина жасау, химия, құрылыс және жеңіл өнеркәсіп сияқты өңдеу салаларының жүктемесін арттыруға көмектеседі.

Сондай-ақ, Биржаның іскерлік алаңында B2B-кездесулер ұйымдастырылды. Бұл кездесулерде шағын және орта бизнес өкілдері тапсырыс берушілермен өнім өндіру және жеткізу мәселелерін талқылап, байланыстар орнатып, өзара ақпарат алмасты.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу32Твитерге20

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • #ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ ОБЩЕСТВА

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА БОЛАШАҚ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру