Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы көкейде жүрген көп мәселені талқылаған құжат болды.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында басты қажетті салаларға көңіл бөлуі арқылы Президент оны шешудің де тетігін ұсынды.
Маған кенші ретінде бұл Жолдауда тау-кен саласын қайта құрылымдап, өзекті деген мәселелерін алға тартуы ерекше назар аудартты. Ауыр өндірістегі жарақат пен өлім-жітімді азайту осы саладағы басты түйткіл екендігі жасырын емес. Қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру арқылы ғана табысқа жетудің болатындығын да Президент баса айтты. Адам өмірінен асқан бай құндылық жоқ. Сондықтан да Мемлекет басшысы тау-кен саласындағы түйткілді жағдайларды Үкімет пен компаниялар бірлесе шешуі керектігін жеткізді.
Бір сөзбен айтқанда, Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл Жолдауында өндірісті өрге бастыратын тетікті қалыптастырып берді. Енді соны әрі қарай жүзеге асыру өз қолымызда екенін естен шығармаған жөн.
Тұрсынбек МАКИШЕВ,
«Батыс» кеніші № 73 шахтасының биргадирі, Қазақстанның Еңбек Ері.