Сәрсенбі, 4 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

Өндірісті өңірді аралады

06.12.2024
- Шарайна
0
Өндірісті өңірді аралады
70
БӨЛІСТІ
194
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жәйрем-Қаражал өңірлеріне барып, елді мекендердің бүгінгі тыныс-тіршілігін бақылады, бірқатар нысандарды аралады. Облыс әкімінің іс сапары Жәйремнен басталды.

Алдымен Жәйрем кентінің ауруханасына атбасын тіреді. Өндіріс аймағындағы ауруханаға күрделі жөндеу мен кеңейту қажеттілігі бар. Дәрігер тапшылығы жоқ. Дегенмен, ем алуға келетін адамдардың саны артып келеді. Әсіресе өндірістен жарақат алғандар көп келетін көрінеді. Мекеме басшысы қосымша ғимарат салу қажеттілігін айтып отыр. Және де келген науқасты бір жерден қабылдап, тексеріп, әрі қарай емдеуді ұйымдастырсақ дейді. Барлық УЗИ құрылғыларын да бір жерге жинақтау күн тәртібінде. Айта кету керек, қазіргі таңда аурухананың төменгі қабатын жөндеуден өткізу үшін қаражат бөлінген. Жұмыстарды  «Достар Строй К» ЖШС атқарып жатыр. Онда конференция залы, қызметкерлер демалатын орын мен қоймалар болады.

Болашақта аурухананың екінші қабаты емхана болмақ. Мекеме басшысы ғимаратты толықтай жөндеуден өткізіп, жаңа стандарттарға сай ету қажеттігін де айтты. Аймақ басшысы бұл бастаманы қолдап, қаражат қарастырамыз деді. Аурухана кеңейіп жаңа жабдықтармен толыққан жағдайда, науқастарға көрсетілетін қызмет сапасы айтарлықтай жақсарып, тұрғындардың қажеттілігі толық қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Аймақ басшысы Қаражал қаласына барған жұмыс сапары барысында жолдар мен  су қоймаларының жайын бағамдап, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандарды бақылады.

Сондай-ақ оқыңыз

Облыстық дебат турнирі

Облыстық дебат турнирі

14.03.2025
Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

14.03.2025

Қылыш су қоймасы – Қаражалдағы жалғыз су қойма. Биыл онда су деңгейі көтерілген. Ұлытау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Есен Байыров су қоймасының қазіргі жағдайын баяндады. Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын айтты. Аталған су қойма қазір жекенің меншігінде. Сол себепті де мемлекет меншігіне алу қажеттілігі тұр. Облыс әкімі аумаққа апаратын жолды жөндеуден өткізу мәселесін де қарастыру қажет деді. Одан әрі аймақ басшысы Қаражал мен Атасу арасындағы облыстық дәрежедегі жолдың 28 шақырымына жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын көрді. Жолмен қатар мұнда көпірді де жаңартып жатыр. Оны «Арқақұрылыс 2009» ЖШС жүргізуде.

28 шақырым жолдың енді жөндейтін 5 шақырымы қалған. Дастан Рыспеков биылға қарастырылған қаражатты толық әрі сапалы игеруді тапсырды. Жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Қаражалдағы «Горняк» стадионының құрылысы да облыс әкімінің назарынан тыс қалмады.«Горняк» стадионын жаңғырту жұмыстары осыдан 3 жыл бұрын басталған. Қазір аяқталу сатысында. Айта кетуі керек, нысан 30 қараша күні тапсырылу керек еді. Өңір басшысы жасалған жұмыстарды бақылап, кемшіліктерді тізіп шықты.

Стадион маңына 2 қабатты ғимарат салынған. Балаларға арналған бөлме мен әкімшілік бөлмелер бар. Жүгіру, футбол мен теннис алаңдары қарастырылған. Стадионның орындықтары түгел ауысқан.

2022 жылы басталып кейін құрылысы тұралап қалған тағы бір нысан – жабық жүзу бассейіні. Тың жобаны шаһар тұрғындары су спортымен шұғылданамыз деп асыға күткен еді. «Балқаш жібек жолы» ЖШС құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаны түзетуге өтініш берген. Бүгінде жұмыс қайта жанданып, 25 метрлік бассейн стандартқа сай салынды. Тек ішкі жұмыстары қалған. Өңір басшысы ғимаратты осы жылдың соңынан қалдырмай аяқтауды, жұмыстарды жеделдетуді талап етті.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру