Жексенбі, 1 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс»: қолдау

Өндірістегі сатып алу мәселесін көтерді

24.11.2023
- «Қазақмыс»: қолдау
0
Өндірістегі сатып алу мәселесін көтерді
80
БӨЛІСТІ
222
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев «Қазақстандық қамту-2.0» Бірінші халықаралық форумында сөйлеген сөзінде тау-кен секторының сатып алу қызметіне мемлекет тарапынан реттеушілік ықпалына байланысты мәселелерге назар аудару қажеттігін мәлімдеді.

– Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді сапалы іске асыру, тау-кен, металлургия кешенінің алдына қойған жетістіктерге қол жеткізу үшін үдерістің барлық қатысушылары бірқатар жүйелі мәселелерді бірлесіп шешуі тиіс. Бүгінгі алаң пікір алмасуға, осы бағыттағы сын-қатерлер мен қолда бар әлеуетті бағалауға мүмкіндік беретініне сенімім зор, – деді ол.

Бұл ретте, басқарма төрағасы отандық өндірісті қолдау туралы айта келе, тау-кен секторының сатып алу қызметіне мемлекет тарапынан реттеушілік әсерге байланысты мәселелерге назар аудару қажет екенін атап өтті.

– Өздеріңіз білетіндей, ТМК секторында 2007 жылы барлық жер қойнауын пайдаланушылар үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың бірыңғай ережелері қабылданғанға дейін арнайы реттеу болған жоқ. Қағидалардың бірінші редакциясында қабылдануымен оларда жеке жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу рәсімдерін мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары қаланды. Жалпы, 2010 – 2018 жылдар аралығындағы күрделі реформаларға, оның ішінде сатып алу тәсілдеріне қарамастан, ережелер сатып алуды реттеудің қағидаларын, модельдері мен тәсілдерін тұжырымдамалық түрде сақтап қалды. Бастапқы кезеңде ережелерді енгізу нарықтың дамуына және оны реттеуге серпін берді. Мұның бәрі отандық өндірушілерге өздерін жариялауға мүмкіндік берді. Бірақ бүгінгі жағдайда оларды қолданудың жинақталған тәжірибесін, жекелеген нормалар мен тәсілдерді ескере отырып, сатып алу ережелерінің кейбір жүйелі сәттері отандық өндірісті дамытуда тежеуші факторға айналды, – деді Нұрахмет Нұриев.

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

Оның пайымдауынша, ережелерде бағаны қайта қарауға мүмкіндік беретін икемді жүйені, сондай-ақ мәміленің өзгеріп отыратын сыртқы факторларына байланысты Шарттың басқа да маңызды талаптарын қарастыру қажет. Және мұндай сыртқы өзгерістердің қаупін белгілі бір дәрежеде теңестіретін формулалық бағаны қолдануды ұсынды.

– Сатып алудың электрондық жүйесі туралы айта келе, компания басшысы тапсырыс берушімен және жеткізушілермен толық көлемде өзара іс-қимыл жасауға, елдің сатып алуы бойынша толық көрініске ие болуға мүмкіндік беретін жаңа электрондық жүйені әзірлеу және енгізу мәселесін жеделдету қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ТМК компаниялары үшін сатып алынатын өнімнің сапасы маңызды болып табылады. Отандық тауар өндірушілер әлемдік стандарттарға бағдарлана отырып, өздерінің өндірістік үдерістері мен технологияларын жетілдіруге және сапа менеджменті жүйесін дамытуға ұмтылуы керек, – деді басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, оффтейк-келісімшарттарға немесе ұзақ мерзімді шарттарға тоқталып, тауар өндірушіге өндірісті жолға қою немесе оны жаңғырту үшін уақыт қажет екенін атап өтті. Бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін құрылысты жобалау кезеңі, сыртқы орта өзгеруі мүмкін. Баға ұсыныстары негізгі шикізатқа, валюта бағамына, инфляцияға байланысты өзгереді. Кәсіпкерлер көптеген белгісіз кедергілерге тап болады.

– «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданыстағы нормаларын олар тараптардың елеулі шарттарды, іске асыру мерзімдерін келісуге неғұрлым икемділікпен қарауға мүмкіндік беретіндей және мемлекеттің ынталандыру шараларын енгізуін қамтамасыз ететіндей қайта қарау қажет. Менің ойымша, бұл өндірістерді табысты іске қосу үшін мемлекеттік қолдау шараларын сапалы әкімшілендіруге елеулі ықпал етеді, сұраныс пен ұсынысты түсіну үшін қажетті ашықтық пен айқындықты қосады, – деп түйіндеді баяндамасын Нұрахмет Нұриев.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.

 

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру