Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Өндірістегі өнегелі өріс

14.07.2023
- Бәрекелді!
0
Өндірістегі өнегелі өріс
71
БӨЛІСТІ
197
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Әр істің  жақсы жағын көруге құмартып тұрамын. Қызмет барысында өндіріс ошағын аралап, еңбек адамдарымен танысып, тілдесіп, ерекше қасиеттерін байқаймын.

Жақында Жезқазған байыту фабрикасында болдым. Кәсіпорын басшысы Мұрат Бөрібаевтың еңбексүйгіштігі, елге жанашырлығы, уәдеге беріктігі, жаңашылдыққа ұмтылысы, жоғары жауапкершілігі сияқты қасиеттеріне бұрыннан тәнті болатынмын. Жас болса да бас болып отырған азаматтың қарамағындағыларға да сондай риза болып қайттым.

№ 1 бас корпустың бастығы Нұрғали Есілбаевпен жұмыс барысында таныстық. Корпустың еңселі ғимаратына жақындағанда байқағаным: қазақ ғұламаларының ғибратты сөзі жазылған тартпалар мен текшелер. Шәкәрім Құдайбердіұлының мына сөзі көзге бірден түсті: «Сөзіңді түзе – әдетіңе айналады. Әдетің – мінезіңе айналады. Мінезің – сенің тағдырың». Осындай нақыл сөз жұмысшының еңбегіне де, тағдыр жолына да сабақ болары сөзсіз.

Ғимараттың ашық алаңқайына қызанақ, картоп, тағыбасқа да көкөніс егілген. Жеміс ағаштарынан көзіме жайқалып өсіп тұрған қарақат пен шие түсті. Көз тартатын әсем гүлдер, төңірегіне салқын ауа таратқан субұрқақ төңірекке ерекше көрік беріп тұр. «Жұмыстан шаршап шыққанда осындай гүлзар, бау-бақша маңында отырсаң, кәдімгідей тынығып қаласың» дейді менің жаңа таныстарым. Көкөніс пен жеміс піскенде ұжым ерекше мерекелік көңіл күйде жүреді. Қаланың көпқабатты үйінде тұратын адамдардың бау-бақшамен, табиғатпен осылайша үйлесім табуы ерекше релаксация екені сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыз

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

14.03.2025
Екі дүркін әлем чемпионы

Екі дүркін әлем чемпионы

08.03.2025

Осы алаңқайға заманауи спорт жабдықтары, тренажерлар қойылыпты, бұл да Нұрғалиаға бастаған ұжымның ортақ жемісі. Жалпы бұл ұжымның спортқа етене жақындығы, тек еңбекте ғана емес, өнерде де ұйымшыл екені жұртшылыққа жақсы таныс. Ұжымның «Сәулем-ай» тобы ұлттық салт-дәстүрді насихаттап, өнерімен танылуда. «Сегіз қырлы, бір сырлы» ұжым бірлігі арқасында басқаларға үлгі.

Ғимараттың ішіндегі еңбек ардагерлері галереясына зейнеткерлікке шыққан әріптестерінің суретін енгізіп, іліп қойыпты. Бұл еңбек адамына деген үлкен құрмет, кейінгі жастарға өнеге деп білемін.

Мереке МЫРЗАБЕКОВА.

 

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

01.07.2025
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру