Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Өндірістегі жұмысшы денсаулығы өзекті

14.04.2023
- Кәсіподақ тынысы
0
Өндірістегі жұмысшы денсаулығы өзекті
266
БӨЛІСТІ
739
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ауыр өндіріс – адам денсаулығына қалайда өзінің зиянын келтіретіні анық. Әрбір жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісім-шартқа сәйкес жұмысшының денсаулығына, оның өміріне қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу – бұл жұмыс беруші үшін басты міндет.

Жезқазған аймағы – кен өндіру бойынша еліміздегі алып алаңдардың бірі. Осы өндірістік алаңда кеншілердің денсаулығына қатысты түйіткілді мәселелер жылдар бойына өз шешімін таппай келеді. «Қазақмыс» кеншілерін мазалаған бұл мәселе тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағын да алаңдатуда.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің бірыңғай өкілді органы Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесу кезінде қоғамдық денсаулық сақтаудың заңнамалық актілеріндегі соңғы өзгерістерге байланысты Жезқазған өңірінің зиянды өндірістерінде қалыптасқан жағдай жөнінде «КәсіпҚорған» кәсіподағының бұрынғы төрағасы Ерболат Сатыбалдин жиі мәселе көтерген болатын. Өткен жылдың 27 қаңтарында кеншілер мәселелерінің ауқымын анықтау бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және бірыңғай өкілді орган өкілдерімен бейне конференц-байланыс арқылы кездесу өткізілді. Осы кездесулердің негізінде кәсіподақ ҚР Денсаулық министрі Ажар Ғинаятқа зиянды жағдайда жұмыс істейтін еңбеккерлерден және мүгедектігі жоқ болса да аз пайызбен жұмыстан босатылған азаматтардың тарапынан туындаған бірқатар сұрақтар жолдады.

Онда негізінен мына мәселелер алға тартылды:

Сондай-ақ оқыңыз

Саясатсыз сапалы қызмет

Саясатсыз сапалы қызмет

08.03.2025
Әлеуметтік қорғау – басты орында

Әлеуметтік қорғау – басты орында

28.02.2025

– еңбек жағдайлары бойынша тау-кен кәсіпорындарының жерүстіндегі жұмыс орындарында еңбектің ауырлығы, шу негізсіз өсіріп көрсетілген, дененің фиксацияланған/мәжбүрлі қалыбына 50-ден 80-ге дейін пайыз қосылған, ал бұл шындықтан алшақ жатыр. Осының салдарынан жыл сайынғы кәсіптік тексеру нәтижелері бойынша осы позицияларда жұмыс істейтін кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылған пайыздары бар жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді;

– денсаулықсақтау бойынша заңнамалардың жетілмеуі: № 131 бұйрықта диагноздардың егжей-тегжейлері мен дәрежелері көрсетілмеген. Министрден осы бұйрыққа өзгерістер енгізу және әскери комиссариаттағы медициналық тексерулердегідей функциялардың айқын бұзылу дәрежесін толық нақтылау, рұқсат етілген және жол берілмейтін дәрежелер мен шектеулерді толық ашып көрсету сұралған;

– жыл сайынғы кәсіптік тексеру кезінде көптеген еңбеккерлер тірек-қимыл аппаратындағы өзгерістерге күдік бойынша қайта куәландыруға жіберіледі, бұл ретте оларға оңалту немесе емдеу кезеңі тағайындалмайды, науқастылықтың мамандықпен байланысы барлығын анықтау үшін кәсіптік ауру институтына жіберілмейді. Қысқа мерзімде олар жұмыстан шеттетіле бастайды немесе басқа амалдар қолданылады. Мұндай шұғыл және қатаң шаралар не үшін қажет? Сондай-ақ, МӘМС арқылы қосымша тексерулерге шығындарды қаржыландырудың осы мүмкіндіктерін қарастыру қажет, қазіргі уақытта еңбеккерлер оларды өз қаражаттарынан төлеуге мәжбүр;

– соңғы уақытта еңбек жасындағы көптеген жұмысшылар мүгедектік дәрежесіне жетпесе де кәсіби ауру дәрежесі бойынша мүгедектікке шығады. Алайда олар бұрынғы табысының 5-тен 29 пайызын ғана алады;

– медициналық көрсеткіштер бойынша мұндай қызметкерлерді кәсіпорындағы зиянды емес басқа мамандықтарға жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыру немесе оларға қайта даярлауды ұсыну керек;

– кәсіптік ауру туралы хабарламаларда жерасты жағдайларында жұмыс істеуге тыйымс алынғандықтан, келешекте жұмыстан айырылу қаупіне байланысты кеншілер қосымша пайыздар алып, мүгедектікке шығу үшін диагноздарын «ауырлатуға» дейін барады;

– оңалту орталықтарын ашу немесе еңбек демалысына шыққанда емдеу-сауықтыру жәрдемақысын төлеу түрінде бола ма, жұмысберушінің қаражаты есебінен зиянды өндірістердің еңбеккерлерін жыл сайын сауықтыру бойынша жұмыс берушініңж ауапкершілігін заңнамалық тұрғыда бекіту қарастырылсын.

Өндірістің ауыр буынында еңбек етіп жүрген және бұрынғы жалақысының 5-тен 29 пайызын ғана місе тұтып мүгедектігін айқындай алмай отырған еңбеккерлердің мұң-мұқтаждары «КәсіпҚорған» кәсіподағы арқылы министрлікке жолданды. Алдағы уақытта министрлік жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылдаса, «Қазақмыс» кеншілерінің қуанышы шексіз болар еді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу106Твитерге67
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру