Жұма, 13 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

Өмірге жолдама алды

Ұлытау облысы: Апта тынысы

05.07.2024
- Шарайна
0
Өмірге жолдама алды
80
БӨЛІСТІ
222
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің 300-ден астам студенті білім ордасын тәмамдады. Халық достығы мен мәдениет үйінде түлектерге диплом тапсыру салтанаты өтті. Үлкен өмірге жолдама алғандарды ұстаздары мен ата-аналары құттықтады.

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі 20 жылдан астам студенттерді білім нәрімен сусындатып келеді. Осы жылдар ішінде 8000-ға жуық түлек түлеп ұшып, қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде қызметте жүр. Биыл да колледжден 15 мамандық бойынша 364 студент дипломдарын қолдарына алды.

– Бүгін біз үшін өте маңызды күн. Бүгінгі күні балаларымыз мемлекеттік емтихандарды сәтті тапсырды. Дипломдық жобаларын қорғады. Өмірге жолдама алды. Шәкірттеріме, түлектеріме ақ жол тілеймін. Жақсы маман болсын, – деді Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің директоры Марал Тілеужанова салтанатта сөйлеген сөзінде.

Қолына диплом алғанның бірі – Ақмарал Мұратбекқызы. Ол аудармашы мамандығын аяқтап, болашақта алған білімімнің жемісін көремін дейді. Әрине білім берген  ұстаздардың да еңбегінің ерен екенін айтып, алғыс білдірді. Айта кету керек, колледжде ғылым кандидаттары, магистрлер  жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыз

Облыстық дебат турнирі

Облыстық дебат турнирі

14.03.2025
Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

14.03.2025

– Мен бұл колледжге 2021 жылы мектепті аяқтап түскен болатынмын және түскеніме өкінбеймін. Осы колледж арқылы мен аудармашы мамандығын аяқтап қана қоймай, осы колледжден өзіме қаншама жақсы қасиеттер жинадым. Соның ішінде өзімді жақсы қырымнан да ашып үлгердім десем болады.  Осы тұрғыда колледж директоры Марал Кәрібайқызына және өзімнің кураторым Маренда Александровнаға үлкен алғысымды айтамын, – дейді Ақмарал Мұратбекқызы ағынан жарылып.

Орайы келгенде айта кетейік, Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі 15 мамандық және 24 біліктілік бойынша білім береді. Бүгінгі таңда білім ордасында 1100 студент  білім алуда.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру