«Халық-Қазына» өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламасы валютадағы депозиттерге үздік балама болып табылады. Бағдарлама сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін не сақтандыру оқиғасы басталған кезде өтеу түрінде төленетін валютада жылдық 3,52% – ға дейінгі мөлшерде инвестициялық табысқа кепілдік береді. Сақтандыру жарнасының ең төменгі мөлшері теңге баламасында 1 000 АҚШ долларын құрайды.
Енді, «Халық-Қазына» бағдарламасы бойынша өмірді сақтандыру полисін Halyk Homebank қосымшасы арқылы небәрі 5 минут ішінде ресімдеуге болады.
Ол үшін Банк қосымшадағы «Сақтандыру» бөліміне кіріп, «Халық-Қазына» жинақтаушы сақтандыру» бағдарламасын таңдау қажет.
Бөлімде: сақтандыру шарттарымен танысуға, сақтандыру параметрлерін белгілеуге, сақтандыру жарнасын төлеуге және «Халық-Қазына» өмірді сақтандыру полисін ресімдеуге болады. Полисті ресімдегеннен кейін сақтандыру шарты 24/7 тәртібінде әрекет ету мерзімі ішінде «Шарттар» бетінде көрсетілетін болады.
«Егер де бұрын клиент сақтандыру шартын жасасу үшінбайланыс орталығына немесе компания менеджеріне қоңырау шалып, жүгінген болса, бүгінде кез келген адам Halyk Homebank қосымшасы арқылы өмірді сақтандырудыңжинақтаушы полисін валютамен тез және оңай ресімдей алады. Бұл қызмет біздің клиенттеріміз үшін қарапайым, пайдалы және тиімді сервистерді ұсыну бойынша іс – шаралар шеңберінде іске асырылды», – деп атап өтті «Халық-Life» АҚ Басқарма Төрайымы Жанар Жұбаниязова.
Өмірді сақтандыру бағдарламасының маңызды ерекшелігі, егер сақтандыру мерзімі кезеңінде сақтандырылған клиент жазатайым оқиғадан, аурудан немесе кез келген себептен өмірден озатын болса, шартта сақтандыру төлемін алушылар ретінде көрсеткен тұлғалар, кепілдік берілген инвестициялық соманы қоса алғанда, сақтандырылған соманы толық көлемде бірден алады. Бұл ретте төлем сақтандыру мерзімі аяқталған немесе сақтандыру оқиғасы басталған күні Ұлттық Банк белгілеген «USD/KZT TOD» бағамына сәйкес теңгемен жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру шартын 2 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге жасасуға болады. Бұл ретте өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасасу жолымен сақтандыру Компаниясына салынған қаражатты салық органдары, мысалы серіктестермен болған дауларда немесе ажырасу кезінде өндіріп ала алмайды. Бағдарлама бойынша толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады: https://www.halyklife.kz/kz/accumulation/halyk_kazyna
Анықтама үшін: «Халық-Life» АҚ – «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық Банкінің еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылы құрылған. Компанияның меншікті капиталы 47,6 млрд теңгені құрайды. Компанияның қаржылық тұрақтылық рейтингісі «B+» деңгейінде және кредиттік рейтингісі «bbb-» деңгейінде, өмірді сақтандыру бойынша барлық қазақстандық компаниялар арасында, АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігінен ең жоғары болып табылады. «Халық-Life» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушысы болып табылады. Оның жалғыз акционері Қазақстанның ең ірі банкі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына Лицензиясы 2006 жылы берілді. Лицензия компанияның бас кеңсесінің мекенжайының өзгеруіне байланысты 04.11.2016 жылы №2.2.41 жаңартылды.
Түркітілдес журналистер қоры.