Сенбі, 17 Қаңтар , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мезгіл мәселесі

Облыстың үш автожол жобасы

Үкімет отырысында қаралды

12.07.2024
- Мезгіл мәселесі
0
Облыстың үш автожол жобасы
83
БӨЛІСТІ
230
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жезқазған – Қызылорда, Жезқазған – Қарағанды және Жезқазған – Петропавл бағытындағы тасжолдарды қайта жаңарту мәселелері талқыланды.

Олжас Бектенов кеңесте біздің өңірді оңтүстікпен байланыстыратын жолдың жөндеу жұмыстарын жеделдету үшін ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевқа тиісті тапсырмалар берді.

«Бүгінгі таңда жоба бойынша 8 мердігер ұйым анықталған. Тамызда олар вахталық қалашықтар салу, карьерлер дайындау сынды жұмыстарға кіріседі. Негізгі жұмыстар қыркүйек айында басталады», – деп атап өтті көлік министрі.

Бұдан басқа, Дүниежүзілік банктің біздің елдегі тұрақты өкілі Андрей Михнев ұсынған
баяндамаға сәйкес, олар ҚР Көлік министрлігімен бірлесіп, біздің өңіріміз үшін тағы бір маңызды жобаны – яғни, ұзындығы 572 шақырым болатын Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жалпы құны 1,2 трлн теңге болатын жоба 4 жолақты және 20 жылға арналған перспективалық қарқындылықты ескере отырып іске асырылатын болады. Осы жобаны іске асыруда нәтижелерге негізделген келісімшарттардың жаңа түрлерін пайдалану жоспарлануда. Мердігер жол инфрақұрылымын жобалауға, салуға және кейіннен күтіп ұстауға жауапты болады.

Қазіргі уақытта жолдың 7 учаскесі бойынша құрылыс жұмыстарын сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер басталды. Аталған жұмыстар биыл қыркүйекте, ал келісімшартқа қол қою 2024 жылдың қарашасына жоспарланған.

«Біз бұл жобаны ағымдағы жылдың қараша айында Дүниежүзілік Банктің Директорлар кеңесінің бекітуіне толық дайын болуын жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Андрей Михнев.

Үкімет отырысында сөз болған тағы бір жоба – Жезқазған – Петропавл (Арқалық арқылы) тас жолы. Қазір оның бір учаскесінде (143-163 шқ) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл оны пайдалануға беру жоспарлануда. Ал, қалған екі учаскесінде (163-178 және 178-193 км) мердігер «АрмСтрой» ЖШС жөндеу жүргізеді. Дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың аяқталу мерзімі – келесі жыл.

Автожолдың тағы бір учаскесіне (193-252 шқ) мердігер анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Жұмыстарды 2026 жылы аяқтау жоспарлануда.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу33Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

19.04.2024
Табыс тасқындаған жыл

Табыс тасқындаған жыл

26.12.2025
Полицияның бір күні

Полицияның бір күні

16.01.2026
Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

16.01.2026
Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

16.01.2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру