«Мысты өңір» аймақтық апталығы өзінің бұған дейінгі, көптен бері қараусыз қалған әрі қолжетімсіздікке ұшыраған сайтын жауып, жаңа сайт ашты.
Аймақтық апталықтың бұдан былай тұрақты жұмыс істейтін жаңа ресми сайты басылымда осыдан үш ай бұрын бастау алған және алда жалғасын табатын өзгерістер мен жаңаруларды көпке паш ету аумағын кеңейтіп, оқырмандар қатарын арттыра түседі деп сенеміз. Сайт басылымның жаңа логотипімен және өзіне тән бояуымен көркемделген. Жаңа сайттан әркім өзіне керек тақырыптағы мақалаларды, жаңалық, хабарларды тиісті айдарлар арқылы оңай таба алады. Сондай-ақ, сайтта газеттің тарихы, қызметкерлер туралы мәліметтер, ақылы материалдар мен жарнамалардың тарифтері жеке айдарлармен берілген. Сайтқа кіру жолы – www.mysty-onir.kz.
«Мысты өңір» аймақтық апталығы.