Бейсенбі, 19 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

Мыс алыбы – мақтанышым

20.01.2023
- Бағдар
0
Мыс алыбы – мақтанышым
77
БӨЛІСТІ
215
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жалғыз Жезқазған емес, жалпы осы аймақтың әрбір тұрғыны мыс қорыту зауытын осылай әспеттейтіні анық. Өйткені, кенші жөнелткен жентек-жентек кенді баптаған байытушының құнарлы концентратынан металлург балқыма алып,  шақпақ мыс шығарады. Жерқойнауындағы қымбат қазына солай ел игілігіне айналады.

Мыс алыбы» атанған Жезқазған мыс қорыту зауыты – әлімсақтан әлемге әйгілі кәсіпорын. Жоғары сапалы саф алтындай сары мысты талғампаз тұтынушыға толассыз жөнелткен оны кеңестік кезеңде-ақ төрткүл дүние таныған. Қазақстанда қазір мыс өндіретін кәсіпорын көшін бастап тұрған бұл завод әлемдегі алғашқы ондық қатарынан ойып орын алған.

Тысқары тірлікке илікпей ілгері ұмтылған ұшқыр уақыт байқатпай өтеді, өмір керуенінің кескін-келбетін заман талабына сай өзінше өзгертеді. Одан тәулік бойы тынным таппайтын өр тынысты өндіріс те тыс қалмайды. Техникалық прогрестің жетістігіне сүйеніп өндірістің өрісін кеңейту мен өнім сапасын жақсартуға бағытталған ондай оң өзгерісті тұсауы кесілгелі елу жылды еңсеруге бет бұрғанбұлкәсіпорын да талай мәрте бастан өткерді.

Техникалық тұрғыдан жаңғырып, өндірістік үдеріс жетілген сайын кәсіпорын қуаты артып, заманауи талапқа сай түлей түсті. Сондай салиқалы қадамның сүйектісі – кәсіпорында кең көлемді жаңғырту жұмысын жүргізу үшін 2013 жылы қыркүйекте «Қазақмыс» басшылығы қабылдаған Жезқазған мыс қорыту зауытының жұмысын уақытша тоқтату туралы шешімі. Оған мыс балқыту қуатын жетілдіру келешегін зерттеу қортындысы негіз болды.

Сондай-ақ оқыңыз

Төлеген БҮКІРОВ,  Ұлттық құрылтайдың мүшесі:  «Ұлы  даланың ұлық жиыны –  қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

Төлеген БҮКІРОВ, Ұлттық құрылтайдың мүшесі: «Ұлы даланың ұлық жиыны – қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

14.02.2025
Аймақ дамуының айқын бағыттары

Аймақ дамуының айқын бағыттары

10.01.2025

Бастапқыда бұл шешімнің байыбына бармай, әлде әдейі, әртүрліалыпқаштыәңгімеге желеу қылғысы келгендер де табылған. Бірақ, кейін негізсіз шу сап тиылды. Кәсіпорын бір жылдың көлемінде қайта қатарға қосылды. Қайта құру кезінде уақытша тоқтап тұрудың әлеуметтік әсерін әлсірету үшін «Қазақмыс» компаниясының басшылығы пәрменді қолдау көрсетіп, қабылданған кешенді шара кенжелеп қалмауын қатаң қадағалады.

Өндірісте оңай шаруа жоқ. Бірақ, білікті мамандар мен ұйымшылұжымныңодағына заводты қайта қатарға қосу кезінде кездескен ағымдағы қиындық кедергі келтіре алмады. Қысқасы, кәсіпорынды қайта қатарға қосу кестеге сай жүйелі жүзеге асты. Бүгінде ол пирометаллургиялық тәсілмен тауарлы өнім шығарады. Сонымен қатар, құнарсыз концентрат өңдейтін гидрометаллургиялық технологияны игеру бағытында да жұмыс жүргізуде.

Құрамы кедей кенді кешенді өңдеп, тауарлы өнім алудың тиімді технологиясын ресейлік «РусРедМет» ғылыми-зерттеу бірлестігімен білек біріктірген «КазГидроМедь» компаниясының инновациялық технологияны ғылыми-зерттеу орталығы, ал, құнарсыз кеннен алынған қара мысты гидрометаллургиялық өңдеудің жобасын «РИВС-проект» мекемесі жасаған.

Бұл технология келешекте баланстағы және балансқа алынбаған кенді, бұрын есептен шығарылған қорды, ұзақ жыл жиналған өндірістік қалдықты аз шығынмен өңдеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның өндіріс көлемі ұлғаяды. Жезқазған аймағында жұмыс істеп тұрған кеніш «ғұмыры» ондаған жылға ұзарады, экологиялық жағдай жақсарады. Шақпақ мыстың өзіндік құны арзандайды. Жаңғырудың даңғыл жолына түскен жезқазғандық мәрт металлургтер қоян жылын да қарқындыбастады.

Әлібек ӘБДІРАШ.

 

Бөлісу31Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

18.06.2025
Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

18.06.2025
Ұлытау облысының ветеринария саласында ауқымды жұмыстар жүруде

Ұлытау облысының ветеринария саласында ауқымды жұмыстар жүруде

18.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру