Сейсенбі, 3 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Металлургтерге – мемлекеттік марапат

26.07.2024
- Бәрекелді!
0
Металлургтерге – мемлекеттік марапат
75
БӨЛІСТІ
209
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Астанада Металлург күніне арнап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде саланың  өркендеуіне үлес қосқандарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Құттықтау сөзі барысында министр Қанат Шарлапаев қажырлы еңбегінің арқасында ел экономикасының 5 %-дан астамын құрайтын металлургтер еңбегінің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында Министр Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев, Ақсу, Рудный, Ақтөбе, Хромтау, Павлодар, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер және т.б. қалаларының  «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС, «ERG Services» ЖШС, «Qarmet» АҚ, «KAZ Minerals» ЖШС және «Казцинк» ЖШС кәсіпорындарының  еңбеккерлеріне марапаттар табыстады.

– Бүгінгі таңда 2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша қара металлургия сіздердің еңбектеріңіздің арқасында өткен жылмен салыстырғанда 14 %-ға дерлік өсіммен 13,7 %-ға жетті. Түсті металлургияда сіздердің еңбектеріңіздің арқасында жарты жылда өткен жылмен салыстырғанда 5 %-дық өсімге қол жеткіздік. Металлургиядағы жалпы көрсеткіш – 8,3 % өсім, жалпы экономикалық өсім 3 %-дан сәл жоғары. Бұл шын мәнінде сіздердің арқаларыңызда жеткен жеңіс, – атап өтті Қанат Шарлапаев.

Сондай-ақ оқыңыз

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

14.03.2025
Екі дүркін әлем чемпионы

Екі дүркін әлем чемпионы

08.03.2025

Металлургия саласындағы қызметтері мен еңбектері үшін 32 маман «Құрмет» орденіне, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденіне, «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды. Солардың қатарында «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС құрамындағы Жезқазған мыс қорыту және Балқаш мыс балқыту зауыттарының еңбек озаттары да бар.

Атап айтқанда, Жезқазған мыс қорыту зауыты балқыту цехының ауысым шебері Ибрахимхалил Дүйсенбаев «Құрмет» орденін тақса,  аталмыш цехтың кран машинисі  Сабыр Мұсабеков пен  шаң-газ тазарту жабдықтарын жөндеу және жылу оқшаулау цехының қорғасынмен  дәнекерлеушісі Владимир Ткачук «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.

Сондай-ақ, Президенттің Жарлығымен марапатқа ие болғандардың қатарында  Балқаш мыс балқыту зауыты мысты электролиздеу цехының электролизшісі Ернұр Балтабаев та  өндірістегі ұзақ жылғы еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медаліне қол жеткізді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру