«КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалы мен «Jastar Bolashaq» Жастар одағы «Қазақмыс» Холдинг» ЖШС-нде, аутсорсингтік және аралас кәсіпорындар қызметкерлері арасында спорттың сегіз түрі бойынша жыл бойғы төртінші спартакиаданың қорытындысын жариялады. Спартакиада қатысушылары үстел теннисі, баскетбол, волейбол, армрестлинг, шағын футбол, пауэрлифтинг, жүзу және футзалдан жарыстарға қатысты.
Спартакиаданың жалауы баскетбол ойынымен көтерілді. Оған 16 команда қатысты. Турнир топтық кезең матчтарынан және плей-офф матчтарынан (нокаут ойындары) тұрды. Нәтижесінде, ІІІ орын үшін матчта Жезқазған мыс қорыту зауыты және «Батыс» кенішінің командалары кездесті. Жезқазған металлургтері сенімді жеңіске жетті. «Батыс» кенішінің командасын жүлделі үштікке кіру үшін аз ғана ұпай жетіспеді. Жарыстың финалында екінші жыл қатарынан «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» және Шығыс Жезқазған кенішінің командалары кездесті. Бұл жарыста Александр Сушковтың тамаша ойыны мен дәл үш ұпайлық соққысының арқасында жеңісті «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС баскетболшылары қанжығаларына байлады.
Қазіргі уақытта бұл команда спартакиада жарыстарының жеңімпазы атағына ие. Айта кету керек, биылғы жылы Шығыс Жезқазған кенішінің командасы финалда бәсекеге қабілетті ойын көрсетті және ойынның соңғы секундтарына дейін нәтижені болжау қиын болды. Турнирдің үздік қорғаушысы болып Мадияр Өміртаев (ЖМЗ) атанса, «Үздік шабуылшы» Валерий Валанчунас (Батыс) және «Үздік қорғаушы» жүлдесін Манарбек Еникеев (ШЖК) алды.
Спартакиаданың келесі түрі үстел теннисінен өткен жарыспен ұштасты. Оған 46 ер адам, 6 әйел адам қатысты. Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша ерлер арасында
І орынды спартакиада жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы Қуажан Әлмағанбетов («Жезқазғантүстімет» ӨБ басқармасы), ІІ орынды Қуаныш Марғарапов (ЖМЗ), ІІІ орынды Айдос Қалихан (Энергетика басқармасы) иеленді. Қыздар арасындағы жарыста екінші рет қатарынан құю-механикалық зауытының қызметкері Кристина Герберсгаген басым болды, ІІ орынды Әсел Ғабасова (ЖБФ) және ІІІ орынды Салтанат Бейсенова жеңіп алды.
Пауэрлифтинг жарысында ер адамдар екі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 85 келіге дейін және 85 келіден астам қоссайыста екі қозғалыс дәрежесі бойынша қыздар да бақ сынады. 85 келіге дейінгі ер адамдарда жүлделі орындар былайша бөлінді: І орын Әшім Әбдінасыров (ЖМЗ), ІІ орын Данияр Тасмағанбетов (ШЖК), ІІІ орын Рустам Арманшин («Қазақмыс Мэйненанс Сервисиз»). 85 келіден жоғары салмақ дәрежесінде І орын Александр Соловьев (Жезқазған медициналық орталығы), ІІ орын Илья Московкин (Жылу, энергетика кәсіпорны), ІІІ орын Александр Цой (КМС). Қыздар арасында Жылу энергетика кәсіпорнының қызметкері Гүлнұр Дүйсенбекова чемпион атанды, ІІ орынды Юлия Стогний (Жезқазған медициналық орталығы) және ІІІ орынды Мария Бучацкая (Жылу, энеретика басқармасы) жеңіп алды. Жарысқа барлығы 31 спортшы қатысты . Оның ішінде 22 ер адам және 9 әйел.
Қатысушылар саны бойынша ең көп шағын футбол жарыстары болды. Оған 24 команда қатысты. Турнирдің топтық кезеңі мен плей-офф ойындарының нәтижелері бойынша жартылай финалдық жұптар: ШЖК-1 – «Батыс», «ЖБФ», IT қызметі бақтарын сынады . Кеншілер арасындағы ойында «Батыс» кенішінің футболшылары мықтырақ болды. Ал, жартылай финалда байытушылар түбегейлі жеңіске жетті. Екі кездесу де 3:0 есебімен аяқталды. ІІІ орын үшін матчта ІT командасы ШЖК-1-ден басым түсіп, 2:1 ұпаймен жеңіске жетті. Турнирдің финалында байытушылар «Батыс» кеншілерін 3:1 есебімен жеңіп, жарыстың чемпиондары атанды. Турнирдің үздік ойыншылары Бексұлтан Қуаныш («Батыс»), Досым Әлиханов (IT), Өмірхан Тынықбаев (ШЖК-1) және Балтабай Қазыбек (ЖБФ) арнайы номинациялармен марапатталды.
Спартакиада аясында өткен еркін жүзуден ерлер 50 метр қашықтыққа, қыздар 25 метр қашықтыққа жетуді көздеді. Ерлер арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді: І орын Николай Барбу (жылу, энергетик кәсіпорны), ІІ орын Айдос Нұғымат (КМС), ІІІ орын Саят Әбдіқалықов («Батыс»). Қыздар арасында І орын Әйгерім Назымбетоваға («Қорғау қызметі»), ІІ орын Анастасия Анға (Жылу, энерегтика кәсіпорны) және ІІІ орын Талшын Құдайбергеноваға (тау-кен жобалау институты) бұйырды. Барлығы 40 жүзуші қатысты (32 ер адам және 8 әйел).
Спартакиаданың келесі түрі волейбол болды. Жарысқа 14 команда қатысты. Жартылай финалдық ойындарда ЖМЗ, Ғ. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресі, «Транко Жез» командалары кездесті. ЖМЗ командасы трест командасына оңайлықпен есе бермеді. Алайда, екінші жартылай финалда «Транко Жез» командасы ЖМЗ командасына қатты қарсылық көрсетті, бірақ шешуші үшінші партияда жеңіліп қалды. Финалдық ойында байытушылар екі партияда металлургтер командасынан басым түсіп, екінші рет спартакиада аясында өткен жарыста жеңімпаз атанды. Турнирдің үздік ойыншылары ретінде Ерболат Мейрашов («Транко Жез»), Ержан Әубәкір (Трест), Иманбек Еденбаев (ЖМЗ) және Нұрбол Ғалым (ЖБФ) танылды.
Армрестлинг бойынша жарыста 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 17 спортшы бақ сынасты. Алғашқы жүлделі орындарды тиісінше ретпен бөліскен Ерасыл Әмірғали (ЖМЗ), Бағдат Ордашбаев (Энергетика басқармасы ) және Ғалым Қожаберген (ШЖК) жеңімпаздар қатарынан көрінді. 80 келіден жоғары салмақта 20 қатысушы бақ сынады. Мұнда шахтапроходкалау тресінің өкілі Мирас Қожабаев чемпиондық атақты жеңіп алды. ІІ орынды Әмірғали Ерасыл (ЖМЗ) иеленсе , ІІІ орынға Дмитрий Ковальчук («Жыланды») тұрақтады.
Спартакиаданың соңғы түрі футзалда 30 команда күш сынасты. Жартылай финалда ЖБФ-1, IT қызметі, ШЖК-1, энергетика басқармасы кездесті . Ойынның нәтижесінде ІT командасы чемпион атанды. Жарыстың үздік ойыншылары – Бақыт Шарипулла (Энергетика басқармасы), Нұрболат Төлеген (ШЖК-1), Темірхан Сүлейменов (IT), Мәди Закіржанов (ЖБФ-1).
Жарыстың сегіз түрінің қорытындысы бойынша екінші жыл қатарынан І орында 35 ұпаймен Жезқазған мыс қорыту зауытының спортшылары жеңіп алды. ІІ орынды № 1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикаларының спортшылары, ІІІ орынды Шығыс Жезқазған кенішінің командасы иеленді. Жарысқа белсене атсалысқан барлық құрылымның еңбеккерлеріне алғысымызды жеткізе отырып, үздік шыққан командаларды жеңістерімен құттықтаймыз.
Дәстүрге айналған спартакиада биыл да осылайша өз мәресіне жетті. Алда спартакиада аясында қысқы спорт түрлерінен жарыстар өтпек.
Жанар САЛЫҚОВА,
«КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалының
аппарат жетекшісі.