Өткен жексенбінің таңғы самалымен Жезқазған мыс қорыту зауытының еңбеккерлері Кеңгір жағасын бетке алды. Өндіріс ошағындағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен өндіріс ошағы еңбеккерлерінің арасында балық аулаудан жарыс өткізді.
Кеңгірге қармақ салған балықшылар арасында балық аулауда цех ұжымдары жеңіске деген жігерімен танылып, көзге түсті. Жарыс қорытындысында 7 келі балық аулаған күкірт қышқылы цехы 1-орынды жеңіп алса, 2-орынды құрылыс цехының химиялық қорғаныс бөлімшесі еншіледі. Ал, 3-орынға электролиз цехының командасы лайық деп танылды.
Сонымен қатар, «Ұзын балық»,«Кішкентай балық», «Алғашқы балық» номинациялары бойынша да иегерлер анықталып, ақшалай марапатталды.
– Зауыт еңбеккерлерінің жексенбілік демалысын пайдалы ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырған бұл жарысқа қырықтан аса еңбеккер қатысты. Жарыстан байқағанымыз, металлургтер арасында да мықты балықшылар бар екен. «КәсіпҚорған» кәсіподағының ұйымдастырған шараларына белсенділікпен қатысып жүрген еңбеккерлерге алғысымызды білдіреміз, – дейді кәсіподақ комитетінің төрағасы Ардақ Ақылбекова.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.