«Amanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалы Тәуелсіздік мерекесінде облысымыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Аялы алақан» орталығының балаларына сый-сияпат жасады.
Филиалдың атқарушы хатшысы Асқар Нұржанов ұлтымыз үшін ұлы мерекеде орталыққа арнайы барып, балаларды құттықтап, қуаныш сыйлады. Жиырма жылдан аса мүмкіндігі шектеулі балаларға қалтқысыз қызмет көрсетіп отырған орталықтың мүмкіндігін арттыруда партияның филиалы үнемі қолдау көрсетіп келе жатқанын тілге тиек еткен Асқар Сембіғалиұлы балаларды ортаға бейімдеп, дамытудағы орталықтың жұмысына алғысын білдірді.
– Бала – өмірдің мәні, ата-ананың көз қуанышы. Сондықтан «Amanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалы орталықтың қызметіне әрқашан қолұшын созуға дайынбыз. Бұл орталықтың балаларды дамыту мен өмірге деген ынталарын арттырудағы атқарып жатқан шаруаларына алғысымды білдіремін, – деді атқарушы хатшы.
Орталықтағы балаларға қажетті жабдықтарға «Amanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалы атынан 200 мың теңге табысталды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.