Тамыздың соңғы жексенбісінде аталып өтілетін Кенші мен байытушы күні келер аптада Сәтбаев қаласын екі күн қатарынан дүбірге бөлемек. Кеншілер шаһарында мереке «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен өтеді.
28 – 29 тамызда Сәтбаев қаласын мерекелік көңіл-күй кернейтін болады. Мерекелік бағдарлама аясында 28 тамыз – Отбасы күні. Бағдарламада балаларға арналған ойын-сауық аймақтары, сыйлықтар ұтысы, дәмді тағамдар ұсынылады. Сонымен қатар жанды дауыстағы әуендер шырқалады.
29 тамызда өтетін «Жас дарын – 2025» балалар фестивалі өнерлі балғындардың басын құрамақ. Кішкентай өнерпаздар өздерінің өнер әлеміндегі сүйікті әншілерімен бір сахнада өнер көрсетеді.
Мерекенің басты қонақтары – Садраддин, Дастан Оразбаев, Балжан Бидаш пен Ернар Амандық.
Құрметті аймақ жұртшылығы, сіздерді «қазақмыс» корпорациясы тарту еткен тамаша мереке күтуде. Қапы қалмаңыздар.

