«Сәтбаев қалалық жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС-інде жұмысшының мүддесі мен құқығын қорғауға жұмыс атқарып жатқан «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Өмірәлі Әкешов энергетиктердің кәсіби мерекесі қарсаңында кәсіпорынның негізгі ең ірі цехтарында болды.
Өмірәлі Нышанұлы жылу желілері, су құбырлары және кәріздік жүйелер, инженерлік желілерді жөндеу және көлік цехтарының ұжымымен кездесуде сала мамандарын мерекелерімен құттықтай келе, жылу беру маусымы басталғаннан бергі тынымсыз атқарып жатқан еңбектеріне алғысын жеткізді.
– Жыл сайынғы дәстүрге сай мереке қарсаңында сіздерді Энерегтик күнімен құттықтауға келіп тұрмын. Сіздердің кеншілер қаласын тұрақты ауызсумен, жылумен қамтамасыз етіп, инженерлік жүйелердің тұрақты жұмыс істеуіне қосып келе жатқан үлестеріңіз айрықша. Уақыт пен мезгілдің қай кезеңі болсын мамандықтарыңызға адалдық танытып келесіздер. Сондықтан сіздерге кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ ұйымы атынан алғыс білдіремін, – деді комитет төрағасы.
Мереке қарсаңында комитет төрағасы аталған төрт цехтың ұжымына «КәсіпҚорған» кәсіподағы ұйымы атынан қысқатолқынды пеш, екікомфорлық плита мен термопот табыс етті.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.