Жексенбі, 18 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мұқаба

Мереке марапатқа толы болды

04.08.2023
- Мұқаба
0
Мереке марапатқа толы болды
99
БӨЛІСТІ
274
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Еліміздің кәсіби мерекелерінің тізімінің қатарынан ойып тұрып орын алған Көлік қызметкерінің төлмерекесін «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жүк тасымалдаушысы «Транко» АҚ филиалы «Транко Жез» ЖШС ұжымы табыстармен атап өтті.

Кәсіпорын басшылығы мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы бірлескен салтанатты жиын мерекенің маңызын айшықтай түсті. Ашық аспан астында, кәсіпорын ауласында өткен мерекелік шараға қатысқандардың қатары қалың. Алаңға аяқ баса бергенде-ақ той-думанның дүбірі сезіліп тұрды. Мерекеге арнайы тігілген киіз үйлерде еңбеккерлер мен меймандар үшін ақ дастарқан жайылды.

«Транко Жез» ЖШС бас директоры Рахым Хамитов пен бас директордың орынбасары Есенғабыл Үкібаев әріптестеріне лебіздерін арнады.

– Теміржол – қоғамның дамуына, экономиканың өсуіне негіз болатын бірден-бір сала. Сондықтан, бізге мол жауапкершілік жүгі артылып отыр. Сіздердің әрқайсыңыздың еңбектеріңіз ерен. Кәсіби мерекемен қатар теміржолдың өңірімізге табан тірегеніне 95 жыл толып отыр. Бұл қос мереке сіздердің мерейлеріңізді үстем етуде. Еңбектеріңізге алғыс білдіремін, – деді  «Транко Жез» ЖШС бас директоры Рахым Хамитов.

Сондай-ақ оқыңыз

Жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет қаржы бөлді

Жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет қаржы бөлді

10.01.2025
10 мың балаға қуаныш сыйлады

10 мың балаға қуаныш сыйлады

27.12.2024

Басшылық теміржол саласы мамандарының арасында өткен «Кәсібінің үздігі» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.  Одан кейін сахна төріне «Транко» АҚ  НР директоры  Марал Марасилов көтеріліп, Жезқазған өңіріне алғаш теміржолдың келгеніне 95 жылтолуына орай арнайы тағайындалған «Адалеңбегіүшін» төсбелгісін филиалдың 14 қызметкеріне тапсырды.

«Amanat» партиясы Жезқазған аймағы бойынша филиалының өкілі Әлия Өксікбаева сала мамандарына құттықтауын жеткізе келіп, бір топ теміржолшыны партия атынан Алғыс хатпен марапаттады. Одан кейін «Нацстройпроект»  ЖШС директоры Қайрат Ералиев әріптестеріне құрмет көрсетті.

«КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалының төрағасы Ақылбек Төлепбергенов экономиканың күретамыры іспетті теміржол саласының саңлақтарына ақжарма лебізін арнай келе,  «Кәсіподақтың Құрметті қайраткері» төсбелгісін, кәсіподақ төрағасы Уәлихан Нұржановтың Құрмет грамотасы мен филиал төрағасының Алғыс хатын тапсырды.

«Транко Жез» ЖШС «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Елдос Әбікенов кәсіподақтың қоғамдық жұмысына белсене қатысқан мүшелерді марапаттады. «JastarBolashaq» Жастар одағы төрағасының орынбасары Сәкен Қайратұлы сый-сияпат тапсырды.

Салтанатты жиынды кәсіпорынның өнерпаз қызметкерлері әнмен әрлеп, күймен көмкерді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу40Твитерге25
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру