Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Еңбек адамы

Мерейлі металлург

12.07.2024
- Еңбек адамы
0
Мерейлі металлург
102
БӨЛІСТІ
282
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бақыт Жұмабайұлы Байсалов Қарсақбай кентінің тумасы. Металлургтердің құтты қонысы болған кенттегі № 1 қазақ орта мектебін тәмамдап, кәсіптік-техникалық училищеде білім алды.

Екі жыл әскери борышын өтеп келген соң, 1985 жылы сондағы автобазаға жүргізуші болып жұмысқа қабылданды.Тоқсаныншы жылдардың тоқырауы кенттегі автобазаның жабылуына да әсерін тигізді. Елдің көбі Жезқазғанға қоныс аударды. Осы көштің бетімен Бақыт Байсалов та қалаға келіп, қоныстанды. 1996 жылы Жезқазған мыс қорыту зауытының балқыту цехына жұмысқа қабылданды. Оның әкесі Жұмабекті білетіндер ұлынан да мықты металлург шығарына сенді.

Жұмабек ақсақал Қарсақбайдағы зауытта алғаш мыс алуға қатысқандардың бірі болатын. Кеңес заманы тұсында еңбекте аты шыққан Жұмабек Байсалов сол дәуірдің марапаттарына ие болды. Есімі «Құрмет тақтасына» жазылды. Орден, медальдарға ие болды. Жезқазған қаласы мен Қарсақбайдағы музейлерде есімі мен еңбегі ұлықталып жүр. «Қарсақбай мыс қорыту зауытының құрметті металлургтері» қатарынан ойып тұрып орын алды. Әкенің сара жолын жалғаған Бақыт Жұмабайұлының да бұл салаға келгеніне 28 жыл толыпты.

Алғаш рет зауыттың негізгі цехына жұмысқа қабылданған Бақыт Байсаловты аға буын қанатының астына алып, істің мән-жайына қанықтырды. Тәлімгері, сол кезде ауысым шебері болған Талғат Ермекұлы, оның қарамағындағы білікті балқытушылар Дүйсен Әміров, Мейрам Қорғанбеков, Өміртай Сазанбаев, Сейтмұхан Жайынбаев, Ералы Биназаров есімді жігіттер мың градуста мыс алудың технологиясын меңгерген маман ретінде есімдері ерекшеленіп жүрді. Осындай майталмандардың ортасына келген Бақыт Жұмабайұлы іскерлігімен кәсіпке төселіп кетті.

Сондай-ақ оқыңыз

Ел үшін туған азамат

Ел үшін туған азамат

25.04.2025
Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

14.02.2025

– Металлургия мен үшін таңсық мамандық емес. Әкеміз 40 жылға таяу Қарсақбайда ұнтақтау цехында бригадаға жетекші болды. Ондағы өндірістің жай-жапсарын әкейден естіп, біліп жүретінмін. Дегенмен, мен көлік саласына кеттім. 11 жылға таяу жүргізуші болдым. Әкеміздің салған сара жолына Жезқазғанға қоныс аударған соң келдім. Бұл кәсіпті таңдағаныма әсте өкінішім жоқ. Алдыңғы буынның кәсіби біліктілігі, өзімнің осы мамандыққа деген бейімім мыс балқытудың технологиясын тез меңгеруіме ықпал етті.

Қазіргі таңда жас мамандарға тәлімгермін. Тікелей жұмыс істейтін шебер Мадияр Нағызханов, бригадир Серік Смайлов, ізімізден еріп келе жатқан Дархан Такиров, Ойрат Әбілдинов, Азамат Сыздықов, Ержан Сардар, Бағдат Карлов, Қуаныш Жаңабергенов, Мұханбетжан Сағатай, Қайсар Сабыр, Нұрым Қадыр, Әбу Қаражігітов сынды жастардың қарым-қабілетіне сенім артамыз. Мыс өнімі – біздің аймақтың бренді болса, металлургия – ел экономикасының тірегі. Біз осы салаға үлес қоса отырып, мемлекеттің дамуына негіз қалаудамыз. Аға буын салған, біздің буын жалғастырып жатқан мамандықтың ендігі керегесін кеңейтетін жаңа толқын екендігін ұмытпай, үнемі қолдау білдіруіміз керек. Қазір өндіріске бет бұрып жатқан жастардың еңбекке деген қабілеті көңіл қуантады. Кәсіби мерекемен барша металлургтердің құттықтай отырып, табыстың тайқазанын ортайтпай, тасыта берулеріңізге тілектеспін, – деп сөзін қорытындылады Бақыт Жұмабайұлы.

Бақыт Байсалов бүгінде мерейлі металлург атанған білікті маман. Ұжымындағы жол бастаушы. Металлургия саласында 28 жылдық еңбек өтілі бар Бақыт Жұмабекұлы Сәлімкүл Байқасынқызымен отау құрып, бес бала тәрбиеледі. Немере сүйіп отыр. Сәлімкүл Асанова ширек ғасырдан аса Жезқазған қаласындағы көпсалалы аурухананың жарақат бөлімінде медбике болып еңбек етті. Сол жерден зейнеткерлікке шықты. Зейнет жасына жетсе де еңбектен қол үзбей, мектепте медбибі болып, балалар денсаулығының сақшысы болып жүр.

Жезқазған мыс қорыту зауытындағы озат еңбеккер Бақыт Байсаловтың өндірістегі өнегелі жолы жастарға үлкен мектеп.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Суретте: отбасымен бірге.

Бөлісу41Твитерге26
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

01.07.2025
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру