«КәсіпҚорған» кәсіподағының стратегиялық бағдарламасының бір бағыты – еңбек адамдарын ынталандыру мен мерейлі жасқа толғандарды құттықтап, құрметтеу.
Осы орайда кеніштер мен зауыт, фабрикалардағы және өзге де құрылымдардағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағалары мерейгерлердің мерейін асыруды назардан тыс қалдырмайды. Сондай шараның бірі жақында Қарағанды өндірістік аймағындағы «Нұрқазған» кенішінде өтті. Ондағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Айбын Арынғазинов бір топ еңбеккерлерді мерейтойларымен құттықтады.
Кеніш әкімшілігі мен кәсіподақ атынан жылы лебізін Айбын Сәтбекұлы қуаныш иелері, оқпан жұмысшысы Ерқанат Шотайға, жол жұмысшысы Аманкелді Қадырханға, жерасты жеткізу техникасының машинисі Қайсар Сәрсенбайға, пультпен басқару операторы Шынар Исабекова мен шам беруші Луиза Жақаншаеваға жеткізді. Өз кезегінде мерейтой иелері көрсетілген құрмет үшін кәсіподақ ұйымына алғыстарын білдірді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.