Мен анамды әлемдегі ең сұлу жанға теңеймін. Ол біздің қамқоршымыз. Әпкем Аяна, қарындасым Кәусар үшеуміз үшін шыр-пыр болып жүреді. Суықтап ауырып қалсақ та, мұңайып, жүдеп кетеді. Бар көңілі біздің қатарға қосылып, жақсы бала болып өсуімізде. Анамыздың есепсіз еңбегінің арқасында әпкем Аяна екеуіміз де оқу озатымыз. «Қазірден ерінбей көп оқысаңдар, қалаған мамандық иесі бола аласыңдар», дейді. Сондықтан мен әр сабақты күнделікті мұқият түсініп оқуға зейін қоямын. Қосымша тапсырмалар орындаймын. Өзім үшін де, анашымның күліп жүруі үшін де өзімді еріншектікке жібермеймін. Күнде қуантқым келеді, шаршатқым, қайта-қайта сөйлеткім келмейді. Өйткені Анаға жетер ешкім жоқ.
Нұрислам ЖАҚСЫБАЙ,
Е. Шаханов атындағы тірек мектебінің (ресурстық орталығы)
3 «Ә» сынып оқушысы.
Жаңаарқа ауданы.