Дүйсенбі, 2 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

Меморандумға қол қойды

28.02.2025
- Шарайна
0
Меморандумға қол қойды
73
БӨЛІСТІ
202
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Өткен аптаның соңында Ұлытау облысының әкімдігі мен «Казцинк» ЖШС арасында екіжақты ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Бұл келісім Ұлытау облысының экономикалық дамуын қолдауға, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Орайы келгенде айта кетейік, Ұлытау облысының әкімдігі мен Казцинк компаниясы арасындағы ынтымақтастық 2022 жылдың қараша айында басталды, содан бері аймақтың дамуына және оның тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға оң әсер еткен көптеген жобалар іске асырылды.

Міне, осы жақсы бастама биыл да өз жалғасын тауып отыр. Меморандумға қол қою барысында Ұлытау облысының әкімі және «Казцинк» ЖШС басшылығы екі тараптың серіктестігі өңірдің тұрақты дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті. Құжатқа сәйкес, «Казцинк» ЖШС ағымдағы жылы Ұлытау облысындағы Жәйрем кентінде іске асырылып жатқан 10 әлеуметтік жобаны қаржыландырады. Бұл жобалар денсаулық сақтау, спорт, инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды абаттандыру салаларын қамтиды.

2025 жылға арналған ірі бастамалардың ішінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды атап айту ләзім. Мәселен, спорт кешенінің құрылысы, 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасы аясында сыртқы желілерді орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары, сондай-ақ, қазандық және тұрғын үйлер үшін көмір сатып алу өңір тұрғындарының әлеуметтік әлеуетін арттыруға зор ықпалын тигізері анық. Бұдан басқа, дәрігерлер мен мұғалімдерді қоса алғанда, бюджет саласының қызметкерлері үшін 20 пәтер сатып алу жоспарлануда.

Сондай-ақ оқыңыз

Облыстық дебат турнирі

Облыстық дебат турнирі

14.03.2025
Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

14.03.2025

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру