Жезқазған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі мен Шығыс Қазақстан облыстық лингвистикалық орталығының оқытушысы арнайы шақыртылған. Жиынның мақсаты – мемлекеттіктілдіоқытудыңәдістемесінжетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу. Семинар барысында түрлі жаңашыл идеялар талқыланды, соның бірі – фильмдерді көру арқылы тіл үйрену мүмкіндігі.
– Дайындық барысында ұлттық арналардағы фильмдерді көруге болады. Қазір оларда субтитр жазылатын болған. Ізденіс барысында менің көзімнің жеткені бізде фильмдер көп, фильмдердің негізі жақсы түсірілген, тілді жоғары деңгейде үйренуге арналған. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейткен, – дейді Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақан.
Жалпы, қай тілб олмасын, оны меңгерудің бірнеше сатысы болады. Мамандар
солай дейді. Жалпақ тілде айтарболсақ, нан сұрап жеу үшін адамға шамамен 800-900 сөз үйрену керек екен. Бұл мектепте меңгерілетін сөздік қордың деңгейі. Семинардың екінші бөлігінде «Саяхат», «Тіл – құндылық» және «Ұйық шаншылған Ұлытау» тақырыптарында шеберлік сабақтары өткізілді.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.