Сейсенбі, 8 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Еңбек адамы

«Марапат мерейімді өсірді», – дейді Ербол Жәлен

26.01.2024
- Еңбек адамы
0
«Марапат мерейімді өсірді», – дейді Ербол Жәлен
137
БӨЛІСТІ
380
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Иә, марапат еңбектің ақталғанын, адамның ұжымдағы мерейінің үстем екендігін айғақтайтын көрсеткіштің бірі деп бағаланады. Лайықты марапат өз иесін тауып жатса, қуанғанан артығы жоқ.

Өндіріске 14 жылын сарп еткен Ербол Жәлен – «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС қарасты «Жезқазғансервиз» кәсіпорнындағы білікті маманның бірі.

Жеті қат жер астындағы алып техникаларды жөндеп, өндіріске сақадай сай етіп дайындау, ондағы өзге де жабдықтардың іске жарамды болуына біліктілігін арнаған ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша үздік шығып, кеудесіне үшінші дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісін тақты. Ербол Аманкелдіұлы 2023 жылдың маусым айына дейін «Батыс» жобасы № 67 шахтадағы сервистік телімде электрслесарь болып еңбек етті. Одан кейін Шығыс Жезқазған кеніші жобасында шиномонтажшы болды. «Батыс» жобасынан «Юнитайр» ЖШС-іне ауысты. Қазіргі күні ол осы компанияда ауысым механигі ретінде еңбек жолын жалғастыруда.

– Шахта – өндірістегі буынның қауіп-қатері көп бағытының бірі. Мұнда тек кенші кен алып қана қоймайды, кен алудан бөлек қаншама үдерістер жүзеге асады. Біздің негізгі мақсатымыз – техникалар мен жабдықтардың уақытылы жұмыс істеуіне ықпал ету. Осы 14 жыл ішінде жер астындағы техникамен байланысты жұмыстардың біразын меңгеріп алдым. Мамандықта осындай дәрежеге жетуіме аға буынның ықпалы көп болды. Саладағы еңбегімді бағалап, марапатқа ұсынған «Юнитайр» ЖШС басшылығына, «КәсіпҚорған» кәсіподағына алғысымды білдіремін. Бұл төсбелгі менің мерейімді өсірді әрі жауапкершілік жүгін арттыра түсті, – дейді Ербол Жәлен. Ербол Аманкелдіұлына берілген бұл марапат – еңбек адамына деген құрмет.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу55Твитерге34

Көп қаралған

  • Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Противодействие коррупции — общая задача

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Газетіме сәлем жолдаймын

    107 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру