Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Марапат мәртебені асқақтатты

26.07.2024
- Өндіріс және өмір
0
Марапат мәртебені асқақтатты
76
БӨЛІСТІ
212
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған өңіріндегі шахталар мен зауыт, фабрикаларға қажетті жабдықтар дайындауда өзіндік технологиясы қалыптасқан құрылымның бірі – құю-механикалық зауыты. Сапалы өнім шығару жолындағы зауыт еңбеккерлерінің еңбегі ұшан-теңіз.

Металлургтердің кәсіби мерекесінде зауыттағы майталмандар «КәсіпҚорған» кәсіподағы тарапынан марапатқа ие болды. Ұйымның Жезқазған филиалындағы бас техникалық инспекторы Шәкен Кененбаев зауытқа арнайы барып, мереке иелерін құттықтап, өндірістің өрге басуына үлес қосқандарға сый-құрмет көрсетті. Солардың қатарында зауыттағы өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Ерке Мұқанова мен болат құю цехының аға шебері Қайрат Баймендинов бар. Еңбек озаттарының омырауына Шәкен Жұмабекұлы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін тақты.

Зауыттың бас инженері Ардақ Тоқбергенов те әріптестерін мерекемен құттықтай келіп, кәсіподақ тарапынан көрсетіліп жатқан құрметке алғысын білдірді.

Төл мерекеде төсбелгінің иегері атанған Қайрат Баймендинов еңбегінің еленгеніне дән риза. Ол бұл өндіріс ошағында 1996 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осыдан 28 жыл бұрын болат құю цехына қалыпшы болып жұмысқа орналасқан Қайрат Баймендинов мамандығы бойынша сатылай өсіп, бүгінде цехтың аға шебері болып еңбек етуде.

Сондай-ақ оқыңыз

Арулар бақ сынады

Арулар бақ сынады

08.03.2025
Салауатты өмір салтына үндеді

Салауатты өмір салтына үндеді

08.03.2025

– «Өндіріс», «зауыт» деген ұғымдармен біте қайнасып кеткенімізге де отыз жылға таяпты. Осы жылдар ішінде тәжірибе жинақтап, қазір жастарды баулып жүрген жайым бар. Еңбекте абыройға кенеліп жатырмын. Өмірлік жарымды да осында таптым. 2011 жылы болат құю цехында аспалы кран машинисі Гүлшат Боранбековамен бас құрадық. Екеуміз де бір ұжымда еңбек етудеміз. Салаға қосқан үлесімді бағалап жатқан басшылыққа, «КәсіпҚорған» кәсіподағына алғысым шексіз, – деді марапат иесі.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру