«Қазақмыс» компаниялар тобы «Қазақстан халқынан» сыйақысының «Қайырымдылықтағы стратегиялық альянс» номинациясы бойынша марапатталды.
Бұл сыйлық табиғи апаттардың зардаптарын жою және әлеуметтік бағдарламаларды қолдау мақсатында «Қазақстан халқына» қорымен белсенді ынтымақтастығы үшін берілді. Жобалардың ішінде «Денсаулық жолы» бағдарламасы мен тасқыннан зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлер салу жобалары бар.
Сонымен қатар, «Қазақмыс» модульдік спорт залдарын салу жобасына белсенді қолдау көрсетуде. 2024 жылы Ұлытау мен Жамбыл облыстарында осындай төрт спорт залын салу жоспарлануда. 2025 жылы бұл жоба Қарағанды облысына да кеңейтіледі.
Су тасқыны кезінде «Қазақмыс» компаниялар тобы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен және «Қазақстан халқына» қорымен Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге 100 тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойды.
«Қазақмыс» «Қазақстан халқына» қорының ең ірі донорларының бірі болып табылады. 2022 жылдан бастап «Қазақмыс» тобы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы жобаларды қолдауға 25 миллиард теңге бөлді.
«Қазақмыс» корпорациясы «Қазақстан халқына» қорымен ынтымақтастықты жалғастыруды, Қазақстан аймақтарының дамуына және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды қолдауды көздейді. Қормен ынтымақтастық қайырымдылық бастамаларын кеңейтуге және тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Конференцияда компанияға табыс етілген марапат «Қазақмыстың» қайырымдылықты дамытуға және қорлармен жемісті әріптестікке қосқан елеулі үлесін мойындау болып табылады.
Сонымен қатар, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС тұрақты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов Қазақстандағы қайырымдылықты дамыту және ынтымақтастықты жетілдіру бойынша шаралар ұсынды.
Біріншісі – серіктес қайырымдылық қорларын дамыту. Бұл «Қазақстан халқына» қорының қайырымдылық саласындағы есеп беру және ашықтық жүйесін жақсартып, көшбасшы болуына мүмкіндік береді.
Екіншісі – жергілікті атқарушы органдармен жұмысты үйлестіру. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, Қор және «Қазақмыс» арасындағы өзара әрекеттестік үлгісінде бизнес пен әкімдіктер арасында үйлестіруші бола алады.
Үшіншісі – қайырымдылық қорларының қызметін заңнамалық реттеу және регламенттеу.
Бұл шаралардың барлығы басқа да қорларға деген сенімділікті арттыруға бағытталған.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.