Дүйсенбі, 2 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

«Мансап» орталығы мүгедек жандарға көмектесуде

21.02.2025
- Шарайна
0
«Мансап» орталығы мүгедек жандарға көмектесуде
70
БӨЛІСТІ
194
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Өңірімізде халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ден қойылған. Ол үшін ерекше қажеттілігі бар жанды
жұмысқа алғысы келген мекеме «Мансап» орталығына өтініш береді. Өз кезегінде мемлекеттік мекеме мүмкіндігі шектеулі
жанды жұмысқа алған кәсіпкер үшін де қолайлы жағдай жасайды. 

2024 жылы осындай 123 ерекше қажеттілігі бар жан жұмысқа орналасқан. Көбі арнайы курста оқып, қазір түрлі кәсіпорындарда еңбек етіп жүр. Олардың қалыпты ортада жұмыс істеулері үшін облыс әкімінің арнайы квотасы бар. Жұмысқа жарамды екенін растайтын құжат болса, «Мансап» орталығы қосымша көмек көрсетеді. Әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар мемлекеттік қайтарымсыз гранттарға да қатыса алады.

– Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа жарамдысы ғана өтініш бере алады. Электронды түрде еңбек биржасы арқылы өтініш береді. «Бастау» бизнес сертификатын оқып алады. Бизнес жоспарды дайындап,тапсырады. Комиссияға ұсынамыз, – дейді Жезқазған қалалық мансап орталығының басшысы Жарас Ершеев. – Сондай-ақ, жұмыссыз қалған азаматқа соңғы 24 айдағы орташа жалақысының 45 пайызы төленеді. Ол 1 айдан 6 айға дейін беріледі. Демек, сол уақыт аралығында «алма піс, аузыма түс» деп жатпай, азамат жұмыс іздеуі тиіс.

Бұл жерде айта кету керек, мұнада тіркеліп, жұмыссыздығы бойынша төлемақы алулары үшін көптеген адам келіп жатады. Ескеретін жайт, бұл жерде жұмысынан айырылғандар үшін тек қана жәрдемақы ғана тағайындалады,. Ол егер адам белгілі бір жерде тұрақты жұмыс жасаған болса, кем дегенде 6 айға тағайындалады.

Сондай-ақ оқыңыз

Облыстық дебат турнирі

Облыстық дебат турнирі

14.03.2025
Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

14.03.2025

Айта кету керек, «Мансап» орталығы арқылы 2024 жылы 1800 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Ол 300-ге жуық азаматты уақытша жұмысқа орналастыруға жәрдемдескен. Биыл бұл көрсеткішті арттыруды көздеп отыр. Enbek.kz сайтына кіріп онлайн түрде бос жұмыс орындарын қарауға болатынын естеріңізге саламыз. Қазір онда Жезқазған қаласы бойынша 250 бос жұмыс орны, 800 түйіндеме тұр.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

 

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру