Жұма, 13 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Маңызды мәселе шешімін тапса…

12.10.2023
- Кәсіподақ тынысы
0
Бұл мәселе баршаны алаңдатады
72
БӨЛІСТІ
200
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Мысты өңір» газеті ерте көктемнен бері аймақта, әсіресе өндіріс орнында, дәрігердің жетімсіздігі, қызмет сапасының көңілден шықпайтыны, денсаулық сақтау саласындағы түйіткіл туралы жиі мәселе көтеріп, жүйелі жазып келеді. Оған көптеген оқырман үн қосты.

«КәсіпҚорған» салалық кәсіподағы бұл маңызды мәселені ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алдына қойды. «Казпрофметал», «Лайықты еңбек» кәсіподағымен бірлесіп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА ашық хат жолдады. Бұдан жарты ай бұрын Қарағандыда еңбек және әлеуметтік қорғау министрімен болған кездесуде өндірісте денсаулығына зиян келтірген азаматтарға қатысты өзекті мәселені тағы көтерді.

Бүгін ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана ЖАҚЫПОВА Жезқазған аймағына келеді деп күтілуде. Сала басшысының бұл жұмыс сапары маңызды мәселенің оңтайлы шешілуіне оң ықпалын тигізеді деп ойлаймыз.

Төменде редакция қоржынына келіп түскен бірнеше оқырманның пікірін жариялап отырмыз.

Сондай-ақ оқыңыз

Саясатсыз сапалы қызмет

Саясатсыз сапалы қызмет

08.03.2025
Әлеуметтік қорғау – басты орында

Әлеуметтік қорғау – басты орында

28.02.2025

Талқанбай БӨЛТІРІКОВ,

өндіріс ардагері:

– Мен жиырма жылдай ғұмырымды шахта құрылысына арнап, ақыры мүгедектер қатарына қосылдым. Соған көз жеткізудің өзі оңайға түскен жоқ. Кедергі жылда дәрігерлік тексеріс кезінде де кездеседі. Қойылған диагнозды дәйектеу үшін әуре-сарсаңға түсіп жүргендер жетерлік. Азаматтық кодекстің кейбір бабына енгізілген өзгерістер жағдайды тіпті қиындатып жіберді. Бұрынғы жалақысының үштен бірін, тіпті оннан біріне жетпейтін тиын-тебен алып, тұрмыс тауқыметін тартып жүргендер де баршылық.

Биыл 29 қыркүйекте Қарағандыда Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповамен болған кездесу кезінде Азаматтық кодекстің 944-бабындағы 1-тармақты және 938-бабындағы 6-тармақты қайта қарау қажеттігін айттым. Министр өндірісте жарақат алған немесе мертіккен азаматтармен кездесу үшін Жезқазғанға келуге уәде берді. Сол сөзінде тұрғаны туралы естіп отырмын. Бұл біз үшін аса маңызды мәселені, көптен бері күрмеуі шиеленіскен түйінді шешуге жасалған бірегей бетбұрыс деп бағалаймын. Лайым солай болсын.

Ибадулла Байбатыров,

«Қазақмыс» корпорациясының

Құрметті еңбек ардагері:

– «Мысты өңір» газетінің өткен аптадағы (6 қазан, № 35) санынан өңірімізге Еңбек министрінің келетінін, мәртебелі мейман кенші, металлургтердің, әсіресе, өндіріс жағдайында денсаулығына нұқсан келген жандардың мәселесін тыңдап, талқылайтынын естіп қуанып қалдық. Бұл мәселе көптен елдің көкейінде жүрген жайт. Жергілікті басшылықтың деңгейінде айтыла-айтыла әбден жауыр болған соң Президентке хат жазуға мәжбүр болған едік. Енді, міне, сең қозғалып, жұмыс жүре бастаған сыңайлы. Осыны пайдалана отырып біз, Сәтбаев қаласындағы ардагер кеншілер өз пікірімізді білдіруді жөн санадық.

Сәтбаев – кеншілер қаласы. Кезінде осы қалада кеншілердің арнайы емдеу орны болған еді. Ел оны ауызекі – «Медсанчасть» деп атайтын. Онда қажетті мамандықтың бәрі бар болатын. Әсіресе, апатты жағдайда бірінші кезек көрсететін травматолог, реаниматологтар болды. Арнайы бөлім жұмыс істеп тұрды. Бүгінде сол емдеу мекемесі жоқ. Жезқазғанда «Медцентр» ашылғанда барлық білікті мамандарды сол жаққа алып кетті де, «Медсанчасть» жабылды. Қазір соның зардабын кеншілер, біздің ардагерлер тартып жүр. Мамандардың жоқтығынан берісі Жезқазған, әрісі Қарағанды сабыламыз. Күн ұзақ дәрігердің кезегінде тұрамыз. Ол жақтарға жетудің өзі бір жұмыс.

Тоқсан ауыз сөздің түйінін айтар болсам, Сәтбаев қаласындағы «Медсанчасть» емханасын қайра ашу қажет. Ол жерде таравматолог, реаниматолог бөлімдері жұмыс істеуі керек. Әйтпейінше, апатқа ұшыраған кеншінің өмірін сақтап қалу қиын.

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру