Жұма, 13 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қоғам

МӘМС: оңалту – қолжетімді

Ұлытау облысы: апта тынысы

21.04.2023
- Қоғам
0
МӘМС: оңалту – қолжетімді
105
БӨЛІСТІ
293
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ұлытау облыстық филиалының бастамасымен 25 орынға шақталған «Луч» нейрооңалту орталығы» ЖШС баспасөз-туры өтті.

Талай жанның жүрегінде үміт сәулесін жаққан мекеменің тыныс-тіршілігімен, алға қойған жоспарларымен таныстырып, оңалту бағдарламасынан өтіп жатқан пациенттермен тілдесу мүмкіндігін ұсынған шараға облыстық БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері, блогерлер қатысты.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлытау облыстық филиалы 2023 жылы «Луч» нейрооңалту орталығымен 109 млн теңгеге келісім-шарт жасасқан. Осы қаржы есебінен инсульт алған және омыртқа мен бас сүйегіне ота жасатқан тұрғындар оңалту бағдарламасынан өтеді. Курс аясында қол-аяғы жансызданған, сөйлеу қабілетінен айрылғандар лазер, магнит пен тоқ терапиясы арқылы емделеді. Физикалық ем зақымданған нерв талшықтарын ояту арқылы науқастарды қалыпты күйге келтіреді. Орталықтағы ем-домның келесі түрі – емдік денешынықтыру. Арнайы жабдықталған денешынықтыр узалында науқастар буындары мен бұлшықеттеріне күш түсіру арқылы жансызданған жағына қан жүгіртіп, жан бітіреді. Сауықтыру жаттығулары күніне бір нешереттен жеке және топпен жүргізіледі. Физиокабинет, лимфодренаж жүйесі және гидромассаж бен сылап-сипаудың да аурудың залалын жоюда тигізер әсері мол.

– Жалпы, біздің елімізде бұрын соңды оңалту орталықтары жоқ-тын. Алайда, жылжыған жылдар мен зымыраған уақыт медицина саласына көп жаңашылдық әкелді. Оның ішінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі елімізде оңалту орталықтарының бой көтеруіне жол ашты. «Луч» орталығында көрсетілетін физиоемдеу, оңалту сияқты қызметтер МӘМС есебінен тек сақтандырылған пациенттерге қолжетімді, – деген орталықтың директоры Мұхаметрахым Оспановқа сирек ауруға шалдыққан Кеңгір селосының тұрғыны Ғалым Борановтың айтар алғысы зор. Орталық мамандары оны мүгедектіктен құтқарып қалды. Миындағы ақауды хирургиялық жолменем деген тарих пәні мұғалімі жыл сайын отбасылық дәрігердің жолдамасы арқылы оңалту курсынан тегін өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз

Су қателікті кешірмейді

Су қателікті кешірмейді

30.05.2025
Тіл төңірегіндегі текетірес

Тіл төңірегіндегі текетірес

14.03.2025

Заманауи медициналық қондырғылармен жабдықталған, кәсіби кадрлар реабилитолог, невропатолог, нейрохирург, логопед пен психотерапевт, кинезотерапевт, массажис пен денешынықтыру нұсқаушыларымен қамтамасыз етілген «Луч» нейро оңалту орталығы 2018 жылданбері 3153 науқасты оңалту курсынан өткізген. Биыл ем қабылдағандардың саны 203-ке жетті.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу42Твитерге26
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру