Бейсенбі, 17 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

МӘМС есебінен стоматологиядан кімдер көмек алады?

27.01.2023
- Жаңалықтар
0
МӘМС есебінен стоматологиядан кімдер көмек алады?
83
БӨЛІСТІ
231
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры стоматологиялық қызмет көрсету үшін стоматологиялық клиникалармен тікелей келісімшарттар жасай бастады. Бұрын шарт  емханалар арқылы жасалып келген болатын.

Ендігі жерде тісті емдеуге жолдама керек пе? Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен қандай стоматологиялық қызметтерді алуға болады? Бүгінгі күні стоматологиялық көмек кімге қолжетімді?

Бұған дейін стоматологиялық клиникалар өзара шартқа отыру арқылы қосалқы мердігер ретінде медициналық қызмет көрсетсе, 1 қаңтардан бастап Қор көрсетілген қызметтер көлемін бақылап, сапасына мониторинг жасау үшін  тікелей осы клиникалармен шартқа отырды. Енді тісі ауырған жеңілдік санатындағы тұрғындарға тіркелген емханасына барып, отбасылық дәрігерден жолдама алудың қажеті жоқ. Олар бірден медициналық көмекке  жүгіне алады.

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі немесе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі стоматологиялық қызметтер осал санаттағы тұрғындарға ғана қолжетімді. Мысалы, жоспарлы стоматологиялық көмекті тек балалар мен жүкті әйелдер ғана ала алады, – деді бізбен әңгімесінде облыс орталығындағы «Әсия» тіс емханасының тіс дәрігері Бақыткүл Есентаева. – Қатты ауырсыну кезінде азаматтардың 10 санаты шұғыл көмекті тегін ала алады. Олар: балалар мен жүкті әйелдер, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар және оларға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар, әлеуметтік маңызы бар және жұқпалы аурулары бар пациенттер, көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар.

Сондай-ақ оқыңыз

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025

Стоматологиялық клиниканы өздігінен таңдауға болады. Тек бұл клиника Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушісі болуы шарт. Жеткізушілердің тізімін fms.kz ресми сайтынан көруге болады. Көпбалалы ана Базаркүл Алдамқұл «Әсия» тіс емханасына 4 баласын жиі тексертіп тұрады.Ол мұның өте қолайлы, әрі қолжетімді екеніне дән риза.

Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекті Ұлытау облысында «Әсия» стоматологиясынан, жоғары медициналық колледжінен, Сәтбаев қалалық емханасынан, Ұлытау, Жаңаарқа ауданының ауруханалары мен Жәйрем кентінің ауруханасынан алуға болады.

Өткен жылы «Әсия» тіс емханасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 11216 пациентті қабылдаған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 6730. Жасөспірімдер – 2243, жүкті әйелдер – 212.

Қызмет көрсетуден бас тартқан немесе басқа да проблемалар туындаған жағдайда клиниканың пациенттерді қолдау қызметіне немесе qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы немесе 1406 қысқа нөмірі бойынша медициналық сақтандыру қорына жүгінуге болады.

Гүлім Маратқызы.

 

Бөлісу33Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

26.01.2024
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру