Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Ұлытаудағы жолдардың сапасын тексерді

22.08.2025
- Жаңалықтар
0
Мәжіліс депутаты Ұлытаудағы жолдардың сапасын тексерді
72
БӨЛІСТІ
201
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қазақстан республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерболат Сатыбалдин Жезқазған – Қызылорда тас жолының жағдайымен танысты.

Аймақта Қызылорда – Жезқазған автожолының 200 шақырымнан астам бөлігі реконструкциядан өтіп, жұмыс барлық учаскеде жүргізіліп жатыр. Кейбір учаскелерде уақытша айналма жолдар арқылы қозғалыс ашылды, жаңа жолдың алғашқы шақырымдары төселіп, су өткізгіш құбырлар мен көпір тіректері орнатылып жатыр. Шымтезек, битум және басқа да құрылыс материалдарының Қазақстандағы карьерлер мен зауыттардан жеткізілуі қолға алынған.

Ерболат Сатыбалдин жөнделіп жатқан жолдардың сапасы мәселесін жеке бақылауына алып, мердігерлерге жұмыс қарқынын жеделдету қажеттігін айтты.

Мәжіліс депутаты тұрғындармен кездесуде заңнамалық деңгейде атқарылып жатқан жұмыстар туралы да айтып берді. Қазіргі таңда маңызды заң жобасы қарастырылып жатыр. Депутаттар ақылы жолдардан түскен қаражатты тек сол жолдарды жөндеуге ғана емес, халықаралық және республикалық маңызы бар тегін трассалардың жай-жапсарын жақсартуға да бағыттауды ұсынады.

– Егер бұрын ақылы жолдардан түскен қаражат тек сол жолдардың жөндеу жұмыстарына ғана жұмсалса, енді ол бүкіл инфрақұрылымның дамуына пайдаланылады. Сонымен қатар автокөлік иесі ақылы жолға берешегі болса, көлікті сата алмайды немесе қайта тіркей алмайды. Жүргізушілер мен тасымалдаушылардың бірінші санаттағы ақылы жолдар сапасына қатысты шағымдарын тыңдасаңыз, заң жобасының маңызы айқын көрінеді. Жүргізушілер ақылы жолды уақытылы төлесе де, жол сапасының төмендігі салдарынан көлікті жөндеуге қосымша шығындануға мәжбүр болады. Егер бұл қаражат тегін жолдарға бағытталса, сапа стандартын арттыруға және халықтың жол сапасына деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді – деді Ерболат Сатыбалдин.

Жалпы, өткен жылы өңірде 162 шақырым жол салынып, жөндеуден өткен. Осы жылдың соңына дейін Қызылорда – Жезқазған трассасының 100 шақырымын реконструкциялау, Ұлытау – Арқалық автожолын орташа жөндеу және 148 шақырым жергілікті жолдарды қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Бөлісу29Твитерге18

Көп қаралған

  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    185 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • 🌊 СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру