Жексенбі, 18 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс» құрылымдарында

Майталмандар

15.07.2022
- «Қазақмыс» құрылымдарында
0
80
БӨЛІСТІ
222
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Балқыту цехында қара мыс алудың әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген еңбек озаттары жетерлік. Мың жарым градуста мыс алу үшін қандай шыдам, төзім қажет десеңізші!

Тәжірибе ретінде мыс балқып жатқан пештің жанында 1 минутқа жетер жетпес уақыт тұрып көрдім. От жалыны денені ысытып, буы жүрек көтерді. Ал, пештің жанында сағаттап, тәуліктеп жүретін металлургтердің осындай жанкешті еңбегін қалай әспеттесе де жарасымды.

Цехта озат балқытушы атанған Бағдат Сазанбаев өз кәсібін жетік меңгерген. 1986 жылы шихта дайындау цехында еңбек жолын бастаған Бағдат Әбдікәрімұлы 1989 жылы балқыту цехына келді. Сол кездерде Жоламан Андағұлов жетекшілік жасаған бригаданың құрамында еңбек көрігін қыздырды. Қазір Болат Шегебаевтың бригадасындағы озат балқытушы талай жастың қанатын қатайтып, томағасын сыпырды.

– Зауытта екі ағайынды еңбек еттік. Ағам Өміртай да ширек ғасырдан аса балқытушы болды. Менің де бұл салаға келгеніме 36 жылға қадам басты. Бұл жұмыс орны менің екінші үйіме айналып кетті. Осында шыңдалдық, өстік. Ендігі мақсатым дін аман зейнетке шығып, ұрпағымыздың қызығын көру, – деп әңігімесін қысқа қайырған Бағдат аға сүйікті кәсібіне бет алып, іске кірісіп кетті. Осылайша балқытушының тағы бір тынымсыз еңбек күні басталды…

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

 

***

Жезқазған мыс қорыту зауытындағы мысты электролиздеу цехынан еңбек жолын бастаған Болысбек Камалов балқыту цехына 2007 жылы келді. Болат Шегебаев жетекшілік жасайтын бригадада мыс балқытуда үздік көрсеткішке ие болып жүрген Болысбек Рустамұлы өз жұмысын былайша баяндап берді.

– Өзіңіз куә болған пеште балқып жатқан мысты алу, оны өңдеу оңайлықпен келмейді. Бізбірауысымда 8-9 қалақ құйма беріп, штейн беру үшін оттың жалынына қарамастан ауысымда тынымсыз еңбек жүзеге асады. Соның нәтижесінде біз сапалы өнім алуға қолжеткіземіз, – дейді Болысбек аға.

***

Оза тбалқытушы Вадим Богачуктің зауытқа жұмысқа орналасқанына биыл 30 жыл толды. Алғашында компрессорлық қондырғыларды жөндеуші слесарь болған Вадим Вадимович кейіннен шаң-тозаң ұстау қондырғысының операторы ретінде өзін көрсете білді. Басшылық Вадимнің іске деген алымдылығын байқап, оған балқытушы болуға ұсыныс жасады. Күнде көзімен көріп, қанығып жүрген Вадим бұл кәсіптен қашпады. Бірден келісіп, әуеліде Жоламан Андағұловтың бригадасында шыңдалды. Қазір он бес адамнан тұратын Болат Шегебаев бригадасының майталман балқытушысы.

 

Бағдат ҚАЗКЕНОВ,
«Мыстыөңір».
Суреттеравтордікі.

 

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру